Сабақ: Нұсқалар арасындағы айырмашылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Content deleted Content added
Беттің барлық мағлұматын аластады
1-жол: 1-жол:
'''Сабақ''' — бір пәнді оқытуға арналған оқу [[сағат|сағаты]]; [[мектеп]]тегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

Сабақ арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен [[мектеп]]тің оқу тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі (45 мин) және оқу кестесі бойынша жүреді. Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі белгілері болып табылады. Сабақтың негізгі міндеті — [[мұғалім]]нің басшылығымен оқушыларға [[ғылым]] негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру. Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге бөлінеді: оқу жылы басындағы кіріспе сабақтар; бағдарламаның күрделі тақырыптарын оқып-үйренудегі кіріспе сабақтар; аралас сабақтар; жаңа білімді меңгеру сабақтары; білімді іс жүзінде қолдану сабақтары; қайталау-қорытындылау сабақтары; есепке алу-тексеру сабақтары; оқу жылын аяқтайтын қорытынды сабақтар.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 7 - том </ref>

==Ашық сабақ==
Ашық сабақ - басқа мұғалімдер мен шақырылған адамдар қатысатын сабақ. Ашық сабақты оқу тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді амалдарын көрсету және тарату мақсатымен, [[әдістеме|әдістемеде]] қиын және жеткіліксіз өңделген оқу бағдарламасының тақырыбы бойынша білікті мұғалімдер өткізеді.

==Қорытынды сабақ==
Қорытынды сабақ - өткен тақырып немесе оқу пәнінің тарауы бойынша алған [[білім|білімдерін]] жүйелеу және бекіту мақсатымен жүргізілетін сабақ. Мұндай сабақ, әсіресе, қорытынды қайталау кезеңінде қажет, сонымен қатар [[емтихан|емтиханға]] дайындау кезінде қажет. Қорытынды сабақтың келесі құрылысы бар: мұғалімнің сабақтың тақырыбы мен мақсаттары туралы қысқаша кіріспе сөзі, өткен материалды қайталау, мұғалімнің қорытындысы. сабақта қойылатын сұрақтарды алдын ала хабарлау керек. Қорытынды сабақ, ең бастысы, әңгімелеу түрінде өткізіледі.<ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6</ref>

==Сабақтың жабдықталуы==
Сабақтың жабдықталуы - [[Оқу құралдары|оқу құралдарының]], дидактикалық материалдардың, аппаратураның, реактивтің және б. сабақтың тақырыбына үйлесетін және көрсетуге қажетті немесе оқушылардың өздік жұмыстарына іріктелуі және дайын күйге келтірілуі.<ref name="name" />

== Пайдаланылған әдебиеттер==
<references/>
{{stub}}
{{wikify}}

{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Білім беру]]
[[Санат:Педагогика]]


[[ca:Lliçó]]
[[ckb:وانە]]
[[cs:Lekce]]
[[da:Lektion]]
[[de:Schulstunde]]
[[en:Lesson]]
[[eo:Leciono]]
[[es:Lección]]
[[et:Õppetund]]
[[fi:Oppitunti]]
[[fr:Leçon]]
[[he:שיעור]]
[[hr:Nastava]]
[[hy:Դաս]]
[[io:Leciono]]
[[ja:授業]]
[[ko:수업]]
[[ms:Pengajaran]]
[[pl:Lekcja (szkoła)]]
[[pt:Aula]]
[[ru:Урок]]
[[simple:Lesson]]
[[sv:Lektion]]
[[tg:Дарс]]
[[uk:Урок]]
[[zh:課堂]]
[[zh-yue:上堂]]

23:31, 2013 ж. ақпанның 25 кезіндегі нұсқа