Александра Федоровна Иванникова
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Александра Федоровна Иванникова | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні |
белгісіз |
Азаматтығы | |
Қызметі |
қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке ауданы, "Новый путь" колхозының қызылшашылар бригадасының звеношысы (1945). |
Марапаттары мен сыйлықтары |
|
Александра Федоровна Иванникова[1] - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке ауданы, "Новый путь" колхозының қызылшашылар бригадасының звеношысы (1945). 1910 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауылында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1941 жылы "Новый путь" ауылшаруашылық артеліне кіріп, қызылша өсіруші болады.
- 1945 жылы колхоз басқармасы оны звеношы етіп тағайындайды. Оның бригадасы жыл сайын қант қызылшасының өнімін межеленген жоспардан асыра орындап отырды:
- 1945 жылы - 215%;
- 1946 жылы - 300%;
- 1947 жылы - 350%, осы жылы 7 гектар жердің әр гектарынан 841 центнерден қант қызылшасын жинайды.
Наградалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946)
- Ленин ордені
- "Орақ пен Балға" алтын медалі
- Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Герои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр.