Магнолиялар тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Магнолиялар тұқымдасы
Қазбалық ауқымы: 80–0 Ma [дереккөзі?]Cretaceous - Recent
Magnolia virginiana
Magnolia virginiana
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
(unranked) Магнолиидтер
Сабы: Магнолиидтер тармағы
Тұқымдасы: Magnoliaceae
Juss.[1]
Genera

Тұқымдас тармақтары Magnolioideae

Тұқымдас тармағы Liriodendroidae

Магнолиялар тұқымдасы (лат. Magnoliaceae) — гүлді өсімдіктердің Қосжарнақтылар класының Магнолиидтер класс тармағының (Magnoliidae) тұқымдасы.

Магнолиялар тұқымдасы 14 туыс, 240 түрді біріктіреді. Басым түрде Солтүстік жарты шардың субтропикалық аудандарына тараған. Магнолилер Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Американың оңтүстік-шығысында, Орталық Америка және Вест-Индияда басым түрде кездеседі. Кейбір түрлері ғана Оңтүстік жартышарда кездеседі. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда магнолиялардың көп түрі ғана емес, көптеген қарапайым туыстары мен түрлері шоқталған. Тек қана Азияда тұқымдастың манглиетия туысы кездеседі.

Тіршілік формалары – ағаш, көбіне өте ірі, кейде бұталар. Кейбір түрлерінің биіктігі 35-40 м., ал америкалық жауқазын ағашы (американское тюльпанное дерево) – 75 м. Жапырақтары кезекті, жай, қауырсын жүйелі, мәңгі жасыл немесе түсетін бөбе жапырақты. Магнолиялардың гүлдері ірі, (ірі жапырақты магнолияның гүлінің диаметрі 32-46 см жетеді), ашық, ациклді немесе спироциклді, қосжынысты немесе кей жағдайда біржынысты, энтомофильді, жалғыздан. Магнолиялардың кейбір азиаттық түрлерінің гүлдері ерте көктемде жапырақ түзгенге дейін ашылады (ақпанда), басқалары жапырақ түзгенге немесе жапырақ жарғаннан кейін гүлдейді. Ерте гүлдейтін азиат түрлері бақша өсіретіндерді қызықтырады.

Өкілдері:


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]