Моисей Израилевич Корсунский

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Моисей Израилевич Корсунский.

Моисей Израилевич Корсунский (19.4.1903, Ресей, Ростов қаласы – 6.10.1976, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымының докторы (1945), профессор (1944), Қазақстан ҒА-ның академигі (1962).

  • 1926 - Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) политехникалық институтын бітірген.
  • 1926-1928 - Ленинград Физика-техникалық институтының аспирантурасында оқыған. Т
  • 1929-1934 - Омбы Сібір физика-техникалық институтында лаборатория жетекшісі,
  • 1934-1938 - Украинадағы Харьков фармацевтика институтында кафедра меңгерушісі, Украина физика-техникалық институтында бөлім бастығы,
  • 1952-1962 - Харьков авиация институтында кафедра меңгерушісі, Харьков политехникалық институтында профессор қызметтерін атқарған.
  • 1962-1976 - Қазақстан ғылым академиясының ядролық физика институтында бөлім меңгерушісі болды.

Негізгі ғылыми еңбектері ядролық физикаға, қатты дене физикасына, шала өткізгіштер физикасына арналған. Ол – рентген сәулелерін және оның көмегімен заттың құрылысын, сондай-ақ ядролық изомерия құбылысын алғаш зерттеушілердің бірі. Оның көптеген ғылыми еңбектері зарядталған бөлшектерді фокустау әдісіне арналған. Шала өткізгіштердің фотоэлектрлік қасиетін зерттеу нәтижесінде олардағы аномалды фотоөткізгіштік құбылысын ашты.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы