Пенспиннинг
Penspinning (ағылш. pen spinning — қалам айналдыру) — бір немесе екі қолмен бірге жазба құралдарының (көбінесе қаламсап) манипуляциясын көрсететін контактылы манипуляциялау формасы.
Снарядтың сипаттамасын өзгерту үшін басқа каламдардың, қарындаштың, маркерлердің бөліктерімен түрлендіреді. Мұндай қалам «мод» деп аталады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл өнер «пэн маваси» (жапон. ペン回し , «қаламның айналуы») Жапониялық жаттығуынан шығады. Ол университетке түсушілік емтиханды тапсыра алмаған мектеп бітірушілердің, «рониндердің» (жапон. 浪人 ро:нин ) арасында өте кең тараған.
Қазіргі таңда пенспиннингті кім және қалай таратқаны туралы документтік дәлел жоқ. Алайда осы тематика туралы сайт ашқан алғашқы пенспиннерлердің бірі Хидэаки Кондо деп санаса болады.[1]
Пенспиннингке «Zippo айласы» немесе «шақпақпен трюктер» туыстас.[2]
Осындайға әуес болу көпшілік адамдарға, әсіресе мамандығы қолдың ептілігінің дамуын талап ететіндерге (мысалы гитарист немесе пианист) пайдалы болады.
Саусақтар мен Слоттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ыңғайлы болу үшін спиннерлер арасында саусақтарға және олардың араларына ат қою арнайы системасы кеңейтілген.[3]
- Бас бармақ — «T», «тамб» (ағылш. thumb).
- Сұқ саусақ — «1».
- Ортаңғы саусақ — «2».
- Атауы жоқ саусақ — «3».
- Кішкентай саусақ (шынашақ) — «4».
Саусақтардың арасы «слот» деп аталынады (ағылш. slot) және тиісінше осылай аталады:
- Бас бармақ және сұқ саусақтың арасы — «Т1».
- Сұқ және ортаңғы саусақтарының арасы — «12».
- Ортаңғы және атауы жоқ саусақтарының арасы — «23».
- Атауы жоқ саусақ және Шынашақ арасы — «34».
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Hideaki Kondoh. UPSB. Басты дереккөзінен мұрағатталған 17 қазан 2002. Тексерілді, 1 наурыз 2007. (ағыл.)
- ↑ Zippo Lighter Tricks. Lightertricks.com. Тексерілді, 12 сәуір 2007. (ағыл.)
- ↑ Слоты и пальцы. PenSpin.ru. Тексерілді, 5 маусым 2008.