[go: nahoru, domu]

Жак Лакан (13.04.1901, Париж - 9.09.1981, Париж) - француз ғалымы және құрылымдық психоталдаудың тәжірибелік маманы. «Париждік фрейдизм мектебінің» негізін калаушы.

Jacques-Marie Émile Lacan

Лакан өзінің мақсаты қылып «Фрейдке қайта оралуды» жариялайды және өзінің ілімінің негізіне Фрейдтің психикалық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін сөйлеу кемшіліктерінің аса маңызды екендігі туралы ойларын салады.[1]

Лакан өзінің "Психологиялық талдау барысындағы тіл мен сөйлеудің қызметі" атты бағдарламалық мақаласында Фрейдтің (Ол — Мен — Жоғарғы Мен) үштік схемасына "реальды — қиялдағы — символдық" үндес схеманы ұсынады. Лаканның байқауынша, бұл үлгіде қиялдағы мен символдықтың байланысы ерекше орын алады. Жалпы, Лакан өзінің психологиялық талдауында құрылымдық лингвистика, антропология, риторика, т.б. ғылымдардың жетістіктерін үндестіре пайдаланады. Лаканның көзқарасы Ф.Де Соссюр, кейде З.Фрейд көзқарасынан алшақ түсіп жатады. Лаканның теориясы бойынша, "форма мазмұннан ажырайды және адамның психикасына, сол арқылы оның тағдырына ықпал етіп абсолюттенеді". Алайда Лакан психологиялық талдауында адамның "бейсанасыз" іс-әрекетін әлеуметтік жағдайдан бөліп алып қарастырады. Лакан ғылыми ізденістері нәтижесінде психологиялық талдау Францияда қоғамдық ой-сананың калыптасуына ықпалды әсері болды.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1
  2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Category:Jacques Lacan