[go: nahoru, domu]

Құрмет Белгісі ордені

Құрмет Белгісі ордені (орыс. Орден «Знак Почёта») — КСРО мемлекеттік марапаты.

Құрмет Белгісі ордені
Шынайы атауы Орден «Знак Почёта»
Мемлекет  КСРО
Соңғы иегері «Құрмет Белгісі» ордені — 23 желтоқсан 1988 жыл
Құрмет ордені — 21 желтоқсан 1991 жыл
Барынша ұсынылған 1 580 850

Орден КСРО Орталық Атқару Комитетінің 1935 жылғы 25 қарашадағы қаулысымен құрылды. 1988 жылы 22 тамызда Құрмет ордені деп өзгертілді. 1991 жылға дейін 1 миллион 581 мыңға жуық адам марапатталды.

Орден тарихы

өңдеу

Орден КСРО Орталық Атқару Комитетінің 1935 жылғы 25 қарашадағы қаулысымен бекітілді. Орденді тағу ережелері, лента түсі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «КСРО ордендері мен медальдарына арналған ленталардың үлгілері мен сипаттамасын және Ордендерді тағу ережесін бекіту туралы» Жарлығымен жүзеге асты (19.06.1943 ж.)

1988 жылы 22 тамызда "Құрмет" орденіне өзгертілді.

1991 жылға дейін 1 миллион 581 мыңға жуық марапаттау рәсімі өткізілді.

Орденнің жарғысы

өңдеу

1. «Құрмет Белгісі» ордені өндірістегі, ғылыми-зерттеу, мемлекеттік, әлеуметтік-мәдени, спорттық және басқа да қоғамдық пайдалы қызметтегі жоғары жетістіктерді, сондай-ақ азаматтық ерлік танытқандарды марапаттау үшін тағайындалды.

2. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады:

  • КСРО азаматтары;
  • кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, ұйымдар, аудандар, қалалар және басқа да елді мекендер.

«Құрмет белгісі» орденімен КСРО азаматы болып табылмайтын адамдар, сондай-ақ шет мемлекеттердің кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары, елді мекендері де марапатталады.

3. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады:

  • өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста, көлікте, байланыста, саудада, қоғамдық тамақтануда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта, тұрмыстық қызмет көрсетуде және халық шаруашылығының басқа да салаларында жоғары өндірістік көрсеткіштер үшін;
  • жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізгені, өнім сапасын арттырғаны, оны өндіруге материалдық және еңбек шығындарын азайтқаны, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудағы табыстары үшін;
  • жоспарлы тапсырмаларды орындау және асыра орындаудағы социалистік жарыстағы жоғары нәтижелер үшін;
  • өндіріске жаңа технологияны, озық тәжірибені, ерекше құнды өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстарды енгізгені үшін;
  • ғылыми-зерттеу қызметінде табысқа жеткені үшін;
  • кеңес мәдениеті, әдебиеті, өнері саласындағы шығармашылық жетістіктері, жас ұрпақты оқыту мен коммунистік тәрбиелеудегі, жоғары білікті кадрлар даярлаудағы, халықты медициналық қамтамасыз етудегі, дене шынықтыру мен спортты дамытудағы және басқа да қоғамдық пайдалы қызметтегі табыстары үшін;
  • елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы қызметі үшін;
  • жемісті мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін;
  • КСРО мен басқа мемлекеттер арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да байланыстарды дамытудағы қызметтері үшін;
  • адамдардың өмірін құтқару, қоғамдық тәртіпті қорғау, табиғи апаттармен және азаматтық ерліктің басқа да көріністерімен күресудегі батыл әрі тапқыр әрекеттері үшін.

4. «Құрмет белгісі» ордені кеуденің сол жағына тағылып, КСРО-ның басқа ордендері болған жағдайда «Халықтар Достығы» орденінен кейін орналасатын.

1988 жылы 28 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының Жарлығымен «Құрмет» орденінің жаңа ережесі мен сипаттамасы бекітілді.

Орденнің сипаттамасы

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу