Географиялық полюс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
09:43, 2014 ж. қыркүйектің 3 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Нұрлан Рахымжанов Географиялық Полюс бетін Географиялық полюс бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады))
Навигацияға өту Іздеуге өту

Географиялық полюс, географиялық ұйық (лат. polus, грекше plos — өс, ұйық) — Жердің айналу өсінің жер бетімен қиылысатын нүктелері, яғни полюстерде жердің барлық меридиандарының қиылысуы. Солт. полюс (ұйық) Солт. Мұзды мұхитта орналасқан. Солт. Географиялық полюсте алғаш рет 1909 ж. 6 сәуірде америкалық теңіз саяхатшысы Р. Пири болған. Оңт. Географиялық полюс Антарктида құрлығында жатыр. Оған норвегиялық полюс зерттеушісі Р. Амундсен 1911 ж. 14 желтоқсанда жеткен. Географиялық полюстерде дүние жақтары болмайды, тәуліктік уақыт (24 сағат) күн мен түнге бөлінбейді. Себебі Географиялық Полюстерде 6 ай (179 тәулік) күн, 6 ай түн (полюс түндері мен полюс күндері) болып тұрады, яғни Күн көкжиектен 6 ай шықпайды не 6 ай көкжиектен төмен түспейді. Жердің ішкі құрылысының күрделілігіне байланысты Географиялық полюстер бір нүктеде тұрақтамай, ауытқып отырады.[1]

Дереккөздер

  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том