Заряд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
15:57, 2014 ж. сәуірдің 21 кезіндегі ArystanbekBot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Заряд - әр түрлі мақсаттарға арналған қопарғыш заттардың белгілі бір мөлшері. Ол қолданылу мақсатына, жасалыну тегіне және қолданылу тәсіліне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді:

1) тау-кен өндірісінде заряд тұтасып жатқан қатты кенді (кентас, көмір, т.б.) шетінен ұсатуға пайдаланылады. Мұнда заряд массасы мен пішіні алдын-ала қопарылысқа есептеліп арнайы заряд қуысына салынады;
2) жарғыш заряд – снаряд корпусын жару немесе оның ішіндегі жарақаттағыш заттарды жан-жаққа шашырату үшін снаряд ішіне салынатын қопарғыш зат;
3) атомдық заряд – ядролық қаруда (ракета, снаряд, бомба) қопарылыс тудыру үшін қолданылатын зат;
4) қопарғыш заряд - әскерлердің қозғалысына тосқауыл келтіретін құрылыстарды жою үшін пайдаланылады;
5) қатты ракеталық отын заряды – белгілі бір пішінде бір немесе бірнеше блок етіп жасалып, ракеталық қозғалтқыштың камерасына салынған қатты отын;
6) термоядролық заряд – ядролық синтез реакциясына бейім әрі орасан көп энергия бөліп шығаратын сутек изотоптарының қоспасы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім