Құрбан Бакиұлы Бердыев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Құрбан Бердыев Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Құрбан Бакиұлы Бердыев

Туған күні

25 тамыз 1952 (1952-08-25) (72 жас)

Туған жері

Ашхабад, КСРО

Азаматтығы

Түрікменстан Түрікменстан
Ресей Ресей

Бойы

178 cм

Клуб карьерасы[* 1]
1971—1976 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Колхозчи 134 (16)
1977 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Қайрат 20 (5)
1978 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Колхозчи 38 (3)
1979—1980 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы СКА 35 (3)
1980 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ростсельмаш 10 (4)
1981—1985 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Қайрат 139 (28)
1993 Қазақстан Қайрат 1 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
Бапкерлік карьерасы
1986—1991 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Химик (Жамбыл)
1992 Қазақстан Фосфор
1993—1994 Түркия Генчлербірлігі
1994—1995 Қазақстан Қайрат
1996 Қазақстан Каспий
1998—1999 Түрікменстан Ниса
1999 Түрікменстан Түрікменстан
2000—2001 Ресей Кристалл (Смоленск)
2001—2013 Ресей Рубин
2014—2016 Ресей Ростов
2016—2017 Ресей Ростов ассистент
2016—2017 Ресей Ростов техникалық директор
2017—2019 Ресей Рубин
2021— Қазақстан Қайрат
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Құрбан Бердыев (түрікм. Gurban Berdiýew, тат. Korban Bәkıy ulı Berdiev, Корбан Бәкый улы Бердиев; 25 тамыз 1952 жыл, Ашхабад) — "Қайрат" футбол клубының бас бапкері. Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) тарапынан өтікізілген әлемнің ең үздік бапкерлері тізімінде 2008-2009 маусым бойынша Құрбан Бердыевтің есімі бар.

Алматы «Қайратының» құрамында жартылай қорғаушы ретінде мәскеулік «Спартак» пен «Динамо» командаларын жеңгеніне куә болғанымыз бар. «Қайраттың» сапында 159 ойын өткізіп, 33 доп соққан. Ойыншы санатында алаңмен қоштасқаннан кейін жаттықтырушылыққа ауысып, «Химик», «Тараз», «Қайрат», «Мұнайшы» командаларының тізгініне ие болғаны бар. Бірақ, отандық футболды өркендетуден гөрі өз қалтасының қамын көбірек ойлаған футбол функционерлері Бердыевті алаңның маңайынан көргісі келген жоқ-ты. Ақыры білікті бапкер жұмыссыз қалды. «Сол кездегі футбол федерациясы басшылығымен қарым-қатынасымыз қиын жағдайда еді. Сол себепті жұмыс істеуге мүмкіндік берген жоқ» - дейді Құрбан Бердыев.

Футбол фанатына айналған Бердыев қаржыдан гөрі кәсібіне деген адалдықты асқақ ұстады. Сол себепті ол бүгінде: «Алла әркімнің ісіне қарай несібесін береді. Қазақстанда жоғалтқаным Ресейде қайтып жатыр» - деді. Кезінде Алматыдан берілген пәтердің өзін сырттай басқа бір фирмаға сатып жіберген дөкейлер қазақ футболына қандай залал келтіргенін білмейді.

Рубин дәуірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазан шаһарының басшысы Камил Искаков бірінші лигада қалт-құлт етіп жүрген «Рубин» командасының рухын көтеруге аттай қалап, Бердыевке қолқа салған. Искаковтің ұсынысы «Рубинді» жаңа биіктерге бастады. Құрбан бапкер тізгінін ұстаған тоғыз жылдың бедерінде команда бірінші лигадан премьер-лигаға өтіп, бір командаға арман боларлық асуларды бағындырды. Жоғары лигада 2004 жылы қола медальға қол жеткізді. Татарлардың жеңісін кездейсоқ деп бағалағандар да болды. Тіпті, алып Ресейдің чемпиондық кубогын жеңіп алған 2008 жылы да «Рубиннің» мықтылығы емес, ЦСКА, «Спартак», «Локомотив», «Зенит» сынды командалардың босаңсығанынан деп құмалақ ашқандар да жеткілікті еді. Алайда, төзімі мықты Бердыев қолынан таспиығын тастамай жүріп, тағы да жеңімпаз команданың иесіне айналды. Ол іріктеген, баптаған сайдың тасындай ойыншылардың әрқайсысы да алаңда атой салады. «Рубин» ойыншылары 2009 жылғы чемпионатта қарсыластар қақпасынан 62 доп соқты: Александр Бухаров – 16, Алехандро Домингес – 16 (8), Гёкдениз Карадениз – 6, Сергей Семак – 6, Александр Рязанцев – 3, Роман Адамов – 2, Кристиан Нобоа – 2, Роман Шаронов – 2, Кристиан Ансалди – 1, Хасан Кабзе – 1, Алан Касаев – 1, Лаша Салуквадзе – 1, Макбет Сибайя – 1. Қай-қайсысы да бас бапкердің сүзгісінен өткендер. Бүгінде Бердыев орыс еліндегі ел аузынан тастамайтын, санаулы бапкердің бірі. Олай болатын да жөні бар. Өйткені, Құрбанды қазір әлем жұртшылығы қадір тұтады. Қадір тұтқаны сол, қарт құрлық Бердыевтің футбол әлеміндегі әдіс-айласына құлақ түргелі қай заман. «Барселона» командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола, «Манчестер Юнайтед» командасының тәлімгері сэр Алекс Фергюсон, «Интер» командасының бас бапкері Жозе Моуринью сынды апайтөстермен иық тірестіріп тұр, «Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы һәм экс-бапкері.

Бердыев абыройы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өткен жылы «Рубин» Ресейдің чемпионы болғанда, Кувейттің ханзадасы құттықтап, үшбу жеделхатын жолдапты. Қарт құрлықты айтпағанда, араб әлемі Бердыевті білетіндігін көрсетіп жатса, ғаламның төрт бұрышына аты жайылған деп қалай айтпасқа. Араб әлемі Құрбан Бердыевтің бірнеше рет қажылыққа барып келгенінен, жұма намазын қаза жібермейтінінен хабардар болса керекті. Кувейт ханзадасының ыстық ықыласы осыны мегзейді. «Рубиннің» бас бапкерінің діни ұстанымына халқының басым бөлігін православиеліктер құрайтын Ресей жұрты да мойынсына бастаған. Ол өзінің діни сенімі жөнінде: «намаз оқу аса маңызды. Рухани тәрбие көп жағдайда көңіл күйді айқындайды. Сол себепті ең маңызды нәрсенің бірі – таңдаған жолдың дұрыстығына, істеген ісімізге жаратушының мейірімі жоғары болатындығына сенімді болу. Сонда біздің жағдайымыз жақсы болады». Бердыевтің қазақ футболымен етене жақын. Алайда, оның қазақ футболына да айтар базынасы бар. Тыңдап көрелік: «Кеңес Одағы ыдыраған тұста футболды ойлау мүмкін емес-ті. Мен Қазақстанда да, Өзбекстанда да, Түркіменстанда да, Қырғызстанда да болдым. Ол кез «өлген» уақыттың санатында. Әсіресе, балалар футболын дамытуға қаржы бөлінген жоқ. Енді ғана жас өскіндер пайда бола бастады. Ташкентте амбициясы асқан «Бунедкор» командасы қалыптасты. Онда Зико мен Ривалдо жүр. Оған қоса қомақты қаржы бөлінуде. Егер де олар жоспарланғандай инфрақұрылымы мықты үлкен орталық тұрғызатын болса, керемет болмақшы. Құрылысты қолға алып жатқандармен жақын таныспын. Олардың амбициясы керемет» – дейді, Ресейдің 2009 жылғы ең үздік бапкері.

Жалпы, Бердыевтің жеңімпаздық жылнамасының темірқазығы әдетте кейбіреулер ойлағандай, қаржылық қолдауда емес. Әрине, ол да өзіндік рөл атқаратыны мәлім. Әйтсе де, қаржылық қоры «Рубиннен» де қомақты командалар Ресейде жетіп артылады ғой. Алайда, олар қазандық команданың осал тұсын таппай әлекке түседі. Тізгінін Құрбан ұстаған ұжымның жетістігі – бірізділікпен жүзеге асырылып жатқан жоспарда. Оны Бердыевтің өзі төмендегіше тарқатады: «Қазанда өз арманымды жүзеге асыруға тырыстым. Уақыт өтісімен елде алдыңғы қатарлы басымдыққа ие болатын клуб құруға мүмкіндік беретін инфрақұрылым жасау еді. Түркіменстанда бастадым – аяқтай алмадым. Жамбылда да жеріне жеткізуге мүмкіндік болмады. Ал Қазанда резерв дайындаудан бастап, ақыр аяғы шеберлер командасына дейінгі аралықты қамтитын жүйені қалыптастырдым». Міне, Бердыев феноменінің кілті.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ниса

  • Түрікменстан чемпионы: (1) 1998/99
  • Түрікменстан кубогы: (1) 1998

Рубин

  • Ресей чемпионы: (2) 2008, 2009
  • Ресей кубогы: (1) 2011/12
  • Ресей суперкубогы: (2) 2010, 2012
  • Достастық кубогы: (1) 2010
  • Ресей 1 дивизионының жеңімпазы: (1) 2002

Ростов

  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: (1) 2015/16
  • Ресейдің үздік жаттықтырушысы: (1) 2009
  • Ресейдің үздік жаттықтырушысы: (2) наурыз 2013, сәуір 2013

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 2008 — Татарстанға еңбегі сіңген ордені.
  • 2009 — Достық ордені

Сiлтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Gurban Berdiýew