Дала ешкіемері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Дала ешкіемері

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Бауырымен жорғалаушылар
Сабы: Қабыршақтылар
Тұқымдасы: ешкіемерлер
Тегі: Trapelus
Түрі: T. sanguinolentus
Екі-есімді атауы
Trapelus sanguinolentus
(Pallas, 1814)

Дала ешкіемері (лат. Trapelus sanguinolentus) – кесірткелердің бір түрі, тұрқы 11 – 12 см, салмағы 35 г-дай, арқа қабыршақтары біркелкі, құйрық қабыршақтары қиғаш орналасқан. Арқа жағы сұрғылт не сарғылт сұр, бауыры ақ. Ауа температурасына немесе жүйкесінің қозуына байланысты түсі құбылып тұрады. Шөл және шөлейт жерлерде кеміргіштердің және басқа омыртқалылардың інінде тіршілік етеді. Секіруге де, өрмелеп жүруге де бейім. Екінші жылы жыныстық жағынан жетіледі. Бір маусымда аналығы 3 рет 4 – 18 жұмыртқаны 50 – 60 күндей басады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;