Жазықбай Аханов
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Жазықбай Аханов (1920 жылы туған, Адай уезі (қазіргі Қарақия ауданы), Сенек мекені) – Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник. Маңғыстауда Басыгүрлі, Жазыгүрлі, Тайғырдың қыры, Майемірдала жерлерін жайлаған Шоқтыбай байдың немересі. Әкесі мен атасының 3500 жылқысын кеңес үкіметі әкімдері 1928 жылы Дауысты-Дүкенді деген жерде тәркілейді. Әкесі мен атасы тағы басқа адамдармен Орта Азияға қоныс аударып 1930-33 жылдары аштықтан қайтыс болады.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғаш сауатын ағартушы-ахун, ғұлама Оразмағамбеттен ашады.
- 1930 жылы Ашғабад жетімдер үйіне қабылданады.
- 1930-40 жылдары он жылдық мектепті түрікмен тілінде үздік бітіреді.
- Ташкент заң институтын бітіріп, заңгер мамандығын алған. (1949).
- 1940 – 41 жылдары Түрікменнің Ташауыз облысындағы түрікмен тілінде шығатын «Коммуна» газетінің редакторы, Ленин аудандық парткомының хатшысы болды.
- 1941 – 45 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. I Белорус майданы құрамында болған. 1945 жылы 9 мамырда Берлинда, Шперее өзенінің жағасында 243 жауынгер қатысқан садақа ұйымдастырады. 1945 жылы 15 шілде мен 1 тамыз аралығында маршал Г.К. Жуковтың басшылығымен таңдаулы 250 жауынгер құрамында Потсдам конференциясына қатысқан.
- 1947 – 75 жылдары партия, кеңес, мемлекеттік қауіпсіздік қызметтерін атқарды.
- 1984 – 89 жылдары Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің фермерлік шаруашылығының бас директоры болған.
- 1989 жылдан ардагерлер қоғамының төрағасы.
- 1992 жылы 29 қарашада Мәскеуде өткен «Москва түбінде фашистерді талқандаудың 50 жылдығы» жиналысына қатысқан. Маршал Г.К Жуков атындағы орден , медаль шығарып, ескерткіш орнату туралы маңызды ұсыныстар жасаған.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 3 рет Қызыл жұлдыз ордені
- 1--дәрежелі Отан соғысы ордені
- 2-дәрежелі Отан соғысы ордені
- "Ерлік үшін", "Жауынгерлік қызметі үшін" секілді т.б. 18 медальдың иегері.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|