Жылқы Зауыты
Қысқаша мәлімет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]ЖЫЛҚЫ ЗАУЫТЫ – тұқымдық, спорттық, міністік және жегіс жылқыларын өсіретін арнайы шаруашылық. Ж. з. жылқының асыл тұқымдарын сұрыптап, жақсартып, жаңа тұқымдарын шығарады. Сонымен қатар асыл тұқымды жылқыларды қолдан ұрықтандыруды, алынған тұқымдарды сатуды, таратуды ұйымдастырады. Ж. з. асыл тұқымды жылқыны ат спорты жарыстарына қосу және шет елге сату үшін өсіреді. Асыл тұқымды жылқыны бөлек бағу, жылқы тұқымын асылдандыру және сақтау шаралары дәстүрлі қазақ қоғамында ертеден қалыптасқан (қ. Жылқы). 20 ғ-дың бас кезінде Қазақстанда алғашқы қазіргі типтегі Ж. з-тары ашылды. 1920 – 22 ж. Петропавлда, Қостанайда, Ақмолада, кейін Көкшетауда Ж. з-тары ұйымдастырылды. 20 ғ-дың 80-жылдары Қазақстанда 19 Ж. з. жұмыс істеді, олардың 8-і ет және қымыз өндіру бағытында, 2-уі желісті, 9-ы міністік жылқы өсірумен айналысты. Бұларда 16 мың (5,9 мыңы бие) асыл тұқымды жылқы өсірілді. Қазіргі кезде 13 Ж. з. жұмыс істеуде (2002). [1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |