Зебра акуласы
Зебра акуласы | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Stegostoma fasciatum (Hermann, 1783) | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
Scyllia quinquecornuatum van Hasselt, 1823 |
Зебра акуласы (лат. Stegostoma fasciatum) – қарапайым акула. Олар Үнді,Тынық Мұхиты су жағалауын мекендейді. Олар- зебра тәрізді акуланың жалғыз өкілі. Бұл акуланың «зебра» деп аталуына оның зебраға ұқсас жолақтары себеп болған.Ол Батыс тропикалық Тынық мұхиты мен Үнді мұхитының 5-30 м тереңдігінде тіршілік етеді. Бұл акуланың денесі иілгіш болғандықтан, ол түрлі саңылаулар мен тап-тар суасты үнгіріне кіре алады. Жас акуланың денесі сары түсті жолақтармен сызылған сияқты. Мұндай жолақтар акуланың жас ерекшелігінен де хабар береді.Уақыт өте келе,олардың үстінде қоңыр, қара дақтар пайда болады. Зебра акуласы өте баяу қозғалады. Ол көбінесе мұхит түбіндегі маржанды рифтің топырағвн немесе тау жыныстарын мекендейді. Олар түнде топырақ арасынан шығып,жыбырлап жүрген кішкентай шаянтәрізді бунақденелерді, балықтарды және ұлуларды тауып жейді. Ең ірі зебра акуласының ұзындығы 3,6м. Шағылысудан кейін зебра акуласының аналығы көп жұмыртқа салады. Жұмыртқасының түсі- қара күлгін.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Pillans, R. and Simpfendorfer, C. (2003). Stegostoma fasciatum. In: IUCN 2003. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on мамыр 12, 2009.
- ↑ Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2