Истаксиуатль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
2004 жылғы Истаксиуатль.

Истаксиуатль- Мексика қаласының маңында орналасқан үнемі қар мен мұз жауып жататын аласа жанартау. Жергілікті халық Истаксиуатль тауын Иста деп те атайды. Бұл шыңға зерттеушілер ең алғаш рет 1889 жылы көтеріліп, ресми түрде тіркеген. Алайда тауға зерттеушілерден бұрын ерте заманда ацтектер мен мәдениет өкілдері көтерілген деген деректер бар. Ацтектер - Орталық Мексикада тұрақтанған үнді халқы.

Аталған таудың төрт шыңы бар. Ең биігі Печо деп аталады. Оның биіктігі - 5230 м. Истаксиуатль жанартауы Мексикадағы биіктігі 5636 м болатын Пико де Орисаба және Попокатепетльден кейінгі үшінші орынды иеленеді. Бұл таудың сыртқы көрінісі өте әдемі. Истаксиуатль атауы «Ақ киімді әйел» деген мағынаны білдіреді. Себебі тауды қар басып жатады. Попокатепетль— Истаксиуатльге жақын орналасқан жанартау. Истаксиуатль сыртқы көрінісі Мексика қаласынан қарағанда бір бүйіріне жантайып жатқан әйел бейнесін елестетеді. Кейбір деректер де ұзақ уақыт бұл тауды «Ұйқыдағы әйел» деп атаған. Истаксиуатль және оның серіктесі Попокатепетль Ұлттық саябақтың қарамағына алынған. Аталған саябақ Мексиканың оңтүстік-батысында орналасқан. Жанартау төрт шыңнан тұрады. Олардың ішіндегі ең биігі теңіз деңгейінен 5230 м биіктікте тұр. Истаксиуатль жанартауы соңғы рет 1868 жылы атқылаған. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.