Италия өзендері
Италияның өзендері солтүстікте айқын байқалатын, суы мол тығыз желіні қалыптастырады. Италияның ең үлкен өзені — По, салалары және каналдарымен ірі транспорттық жүйені қалыптастырады. Падан жазығының шығыс бөлігінде Адидже, Брента, Пьяве, Рено және басқа да өзендер ағып өтеді. Солтүстік Италияның өзендері жаңбырлы қоректенуден басқа қар және мұздықтардың арқасында қоректенеді, бұл өзендер көктемгі-жазғы және күзгі тасқындармен сипатталады. Өзендер ауыл шаруашылығында суландыру үшін қолданылады. Альпі өзендері гидроэнергияның қайнар көзі болып табылады. Апеннин түбегінің өзендері суы аз болып келеді, қоректену түрі - жаңбырлы. Күзгі және қысқы селдермен сипатталады, ал жазда көбінесе бұл өзендер құрып қалады. Айрықша үлкен өзендер — Арно және Тибр[1].
Ұзындығы бойынша ең ірі өзендердің тізімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Италияның ең ұзын өзендерінің тізімі:
№ |
Өзен | Итальяндық атауы | Жалпы ұзындығы, км |
---|---|---|---|
1 | По | Po | 676 |
2 | Адидже | Adige | 410 |
3 | Тибр | Tevere | 404 |
4 | Адда | Adda | 313 |
5 | Тичино | Ticino | 248 |
6 | Танаро | Tanaro | 242 |
7 | Арно | Arno | 241 |
8 | Пьяве | Piave | 220 |
9 | Рено | Reno | 211 |
10 | Ольо | Oglio | 191 |
11 | Вольтурно | Volturno | 177 |
12 | Тальяменто | Tagliamento | 172 |
13 | Панаро | Panaro | 165 |
14 | Дора-Бальтеа | Dora Baltea | 162 |
15 | Брента | Brenta | 160 |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Главный редактор А. М. Прохоров. Большая советская энциклопедия. Третье издание. Том 11. ИТАЛИЯ - КВАРКУШ. — М.: «Советская энциклопедия», 1978. — С. 6.
Бұл — Италия географиясы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |