Ангкор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ангкор-Тхом бекінісіндегі Байон шіркеуі.
Ангкор-Ват

Ангкор (кхмер. អង្គរ IPA-{[ʔɑŋ.ˈkɔː]}-, Яшодхарапура деген атпен де белгілі (кхмер. យសោធរបុរៈ; санскрит यशोधरपुर)[1][2]) - (Сиемреап штаты, Камбоджа), Камбуджадеш империясының (IX — XIII ғасырлары) астанасы Яшодхарапураның осы заманғы аты. Кхмер билеушілері IX ғасырда мұнда өздерінің астанасын орнатты, қазір оның қалдықтары каналдар және бассейндермен қоршалған бірқатар сакральдық құрылыстар (храмтаулар) мен сарай үйлерін құрайды. Астананың ерекше әйгілі бөлегі — Ангкор Том (ХІІ ғасырда салынған). Мұның орталық сакральдық құрылысы Авалокитешвараның бет пішіні бейнелері салынған 54 тас мұнарасы бар Байон болып табылады. Қала қабырғаларындағы қақпалар да бет-пішін бейнелері салынған мұнаралармен безендірілген. [3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Headly, Robert K.; Chhor, Kylin; Lim, Lam Kheng; Kheang, Lim Hak; Chun, Chen. 1977. Cambodian-English Dictionary. Bureau of Special Research in Modern Languages. The Catholic University of America Press. Washington, D.C. ISBN 0-8132-0509-3
  2. Chuon Nath Khmer Dictionary (1966, Buddhist Institute, Phnom Penh).
  3. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия өнері.— Алматы: Өнер, 1990. ISBN 5-89840-221-7