Бекіш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бекіш
French Broom
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Core eudicots
Сабы: Fabales
Тұқымдасы: Fabaceae
Кіші тұқымдасы: Faboideae
Тайпасы: Genisteae
Тегі: Genista
L.
Species

About 90; see text

Бекіш (Genіsta) – бұршақтар тұқымдасына жататын көп жылдық бұташық өсімдіктер туысы. Негізінен Жерорта теңізі жағалаулары мен Батыс Азияда кездесетін 75 түрі белгілі. Қазақстанда далалық аймақтардың орман, бұта арасында, құмды немесе әктасты топырақты жерлерде өсетін 1 түрі – бояулы бекіш (G. tіnctorіa) бар. Биіктігі 0,5 – 1,5 м. Сабағы тікенді. Жапырағы қарапайым не үш салалы. Гүлдері ашық сары түсті шашақ кейде ұзын сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Маусымтамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ұзынша бұршақ. Тұқымы қара қоңыр түсті, жылтыр, улы. Бекіштің гүлінің құрамынан бояу алынады. Онымен жүн және кенеп маталарды бояйды. Сондай-ақ цитизин алкалоиды бар, оны медицинада пайдаланады. Бекіш гүлдеген кезде өте әдемі болғандықтан әсемдік үшін өсіріледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]