Бурито

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бурито

Буритомексикалық асханаға тиесілі тағам. Бидай ұнынан жасалған тортильялардың ішін толтыру арқылы жасалады.

Дайындалу жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жуылған етке құрамында сарымсақ, лимон шырыны, ореган, бұрыш және тұз болатын, ұнтақталған масса жағылады. 4 – 8 сағат маринадталған ет кішкентай тілімдерге бөліп қуырылады да, 6 сағат бойы кептіріледі. Тазаланған пияз жуылады және ұсақтап туралады. Пияз қыздырылған отта қуырылады. Кептірілген сиыр еті (machaca) қосылып, қызарғанша қуырылады. Тұз қосып, араластыру керек.

Тортильялар болса, духовкада қыздырырылады. Әрқайсысына бірнеше қасық ет салынып, ораманы орау арқылы буритоны әзірлейді.

Беру тәсілі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ыстық күйінде мексикандық тұздықпен және үрме бұршақпен беріледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]