Бізтұмсық дельфин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бізтұмсық дельфин- кішкентай кит тәрізді дельфин.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұмсығы құстың тұмсығына ұқсайды, арқасында орақ сияқты жүзу қанаты бар. Бұл дельфиннің тісі өте өткір. Маңдайының жоғарғы жағында жалғыз танау тесігі бар. Топтасып өмір сүруге бейімделген. Бізтұмсық дельфиндердің бір тобында 2-3 мыңға дейін дельфин болады. Бізтұмсық дельфин балықты көбінесе судың бетінде аулайды. Негізгі қорегі- балық пен кальмар. Суық сулардан гөрі, жылы суда тіршілік еткенді ұнатады. Су бетінде 6 м биіктікке дейін шорши алады.

Дельфиннің бұл түрін Тынық және Атлант мұхиттарынан жиі кездестіруге болады.

Мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ұзындығы- шамамен 1,67м. Ал салмағы 635 кг-ға жуық.
  • Тәулігіне 15 келіге дейін тамақ жейді. Денесі жұмсақ.
  • Сағатына шамамен 35 шақырым жүзе алады.
  • Аналық бізтұмсық дельфиннің буаздық кезеңі бір жыл. Баласын 18 ай емізеді. Жаңа туған бізтұмсық дельфиннің ұзындығы 1 метр шамасында болады.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2