Бұғанаасты көктамыр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Субашасүйек көктамыры
Қалқанша без және оның байланыстары. (Оңжақ субашасүйек көктамыры төменгі сол жақтан көрінеді, солжақ субашасүйек көктамыры төменгі оң жақтан көрінеді.)
Жетілген париетал көктамырларының (parietal veins) диаграммасы. (субашасүйек көктамыры оң жақта, жоғарыда үшінші.)
Латын тілі vena subclavia
Жүйке Иық-бас көктамырына құяды
Прекурсор аксиллярлы көктамыр, мойынның сыртқы көктамыры

Субашасүйек көктамыры (ағылш. subclavian vein, кейде Субклавиялық көктамыр) — ағызаның екі жағында бір-бірден орналасқан, жұптасқан үлкен көктамыр (вена) болып, ол жоғарғы қол-аяқтан (the upper extremities), яғни екі тұтас қоллан қанның ағып шығып, жүрекке қайта оралуына жауапты. Солжақ субашасүйек көктамыры майлар мен липидтердің (lipid) сорылуында шешуші рөл атқарады, лимфа арқылы өткізілген нәрлердің қанайналысына енуіне мүмкіндік береді, әрі сонда бауырдың портал көктамырына құяды. Субашасүйек көктамырларының диаметрі шамамен 1-2 см болып, адамға қарай әртүрлі.[1]

"Субашасүйек" атауы латынның субклавиялық (subclavian) сөзінен шыққан болып, Sub - "төменгі" және clavian - Ашасүйек сөздерінің бірігуінен жасалған.

Әрбір субашасүйек көктамырлары аксиллярлы көктамырдың жалғасы болып, бірінші қабырғаның сыртқы жағынан бастап алдыңғы скален бұлшықеттерінің ішкі жағына дейін созылады. Сол жерде ол мойынның ішкі көктамырларына (internal jugular vein) қосылып, "атаусыз көктамыр" деп те аталатын Иық-бас көктамырын (brachiocephalic vein) қалыптастырады. Тұтасқан бұрышы көктамыр бұрышы деп аталады.

Субашасүйек көктамыры субашасүйек күретамырына ілеседі, ол алдыңғы скаланге енер тұста субашасүйек күретамырдан бөлініп кетеді. Осылайша, субашасүйек көктамыры алдыңғы скаленнің алдында жатады, ал субашасүйек көктамыры алдыңғы скаленнің артында, орта скаленнің алдында орналасады.

Кеуде каналы солжақ мойынның ішкі көктамырымен түйіскен тұстағы солжақ субашасүйек көктамырына құяды,ол түседі.[2] Ол лимфа жүйесінен лимфаны (су мен ерітінділерді), сондай-ақ ішекте пайда болған диеталық майлардан және липидтерден хиломикрон, немесе хилус алады, әрі олардың қанайналысына қосылуына мүмкіндік береді; майлар мен липидтер өнімдері қанайналым арқылы бауырдың портал көктамырына жеткізіледі, сосын ақыры бауырға жетіп барады, осылайша солжақ субашасүйек көктамыры майлар мен липидтердің қорытылуында маңызды рөл атқарады.

Оңжақ лимфа каналы өз лимфасын оңжақ мойынның ішкі көктамыры мен оңжақ субашасүйек көктамыры түйіскен тұсқа ағызып апарады.

Клиникалық маңызы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

субашасүйек көктамыры ірі, орталықтық және салыстырмалы беткірек болғандықтан, орталық көктамыр катетерін қоюда жиі пайдаланылады.

Пагет-Шреттер ауруы (Paget–Schroetter disease) субашасүйек көктамырларының тромбозын да қамтиды, бұл ауруда ол (тромбоз) әдетте физикалық жаттығулар тудыратын қалжыраудан (strains) пайда болады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]