Гид

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Америкалық үнділер ұлттық мұражайы экскурсиясының жетекшісі
Туристерге нысан көрсетудегі гид

Гид (фр. guide деген сөзі; кейде экскурсия жетекшісі, жолбасшы) — экскурсияға басшылық ететін маман, клиенттерге аймақ, жерді көрсететін, мәдениетін, тарихын түсіндіретін адам.

Қажет қабілеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Экскурсия жетекшісінде ұстазға да тән төрт қабілеттер болу керек: конструктивтік, ұйымдастырушылық, коммуникативтық және аналитикалық.

  • Конструктивтік қабілеттері. Экскурсиялық материалды таңдап, дұрыс ресімдеп ол түсінікті және сенімді болуы қажет. Қажет болған жағдайда экскурсияның өткізілуін жоспар, әдістемелік қабылдау, схемаларды пайдалану арқылы қайта жоспарлауы қажет. Қабілеттің осы түрі гидтің ойлау қызметін дамытуға арналған.
  • Ұйымдастырушылық қабілеттері. Экскурсиялық топты басқаруды жүзеге асырып, экскурсанттардың қажет объекттеріне ықыласты бағыттауға арналады, сонымен бірге туристтер және басқа қаладан келген экскурсанттарға көрсетілген бағдарламаны орындауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
  • Коммуникативтік қабілеттері. Экскурсиялық топпен іскерлік қатынастар орнатып, оларды экскурсияның соңына дейін сақтап, маршруттағы автобусты жүргізушімен жақсы арақатынаста болуы керек, мұражай жетекшісі, экскурсанттар қатысатын көрменің қызметкерлері, басқа туристтік топтардың гидтерімен, жетекшілерімен, саяхаттар және экурсияларды ұйымдастырушыларымен дұрыс қатынасты болуы керек.
  • Аналитикалық қабілеттері. Өз жұмысының сыншыл талдауы, өткізілген экскурсияның сапасының нақты бағасы, әдістемелік қабылдауларды қолданудың тиімділіктері осыған негіз болады. Барлық гидтер қабілеттіліктерге ие бола бермейді, дагенмен оларға ие болуға әрқайсысы ұмтылуы керек.

Экскурсия жетекшілері қабілеттерінің дамуындағы маңызды рөлді әдістемелік секциялар, объекттердің жанында дербес жұмыстары, әдістеме және экскурсияларды өткізу техникасын терең меңгеруі, курстар, жұмысқа дайындықтар құрайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]