Меркантилизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Меркантилизм (франц. mercantіlіsme, итал. mercante – деген сөзден шыққан – саудагер‚ көпес) – капиталдың бастапқы қорлану дәуірінде дүниеге келген сауда-өнеркәсіп буржуазиясының экономикалық теориясы мен саясаты.

16 ғасырда пайда болып, 18 ғасырдың аяғына дейін дамыды. Меркантилизмді А.Смит (1723 – 90) өзінің “Халықтар байлығының табиғаты мен себептері” (1776) атты басты еңбегінде негіздеді. Меркантилизм Батыс Еуропа елдері – Англия, Франция, Испания, Португалия, Италияда дамыды.

Меркантилизмнің көрнекті өкілдері:

Меркантилизм теориясының кейбір нышандарын орыс экономисі, І Петрдің замандасы И.Т. ПосошковтыңСараңдық пен байлық туралы” деген еңбегінен де кездестіруге болады.

Меркантилизм ілімін жақтаушылар – меркантилистер – қоғам байлығы мен әл-ауқатының көзі материалдық игіліктер өндірісі емес‚ тауар және ақша айналысы саласы деп есептеді. Олардың пікірінше қоғамның әл-ауқатына сыртқы сауданы реттеу‚ тауарлар әкелімінен әкетілімінің басым болуы және елде ақшалай капиталдың қорлануы жолымен қол жеткізуге болады. Осыдан келіп “меркантилдік” деген термин сауда‚ коммерц. деген мағынада қолданыла бастады. Сонымен бірге ол материалдық пайдакүнемдікпен‚ бас пайдасын күйттеушілікпен байланысты ұсақ есепшіл‚ саудагерлік дегенді де білдіреді.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2