Мультиплексор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мультиплексор - екі немесе одан да көп мәліметтер тұтынушылар арасында бір ортақ арна арқылы бір мезетте мәліметтер жеткізуге мүмкіндік беретін қызметтік құрылғы; бір мезгілде бір желі арқылы бірнеше сигнал жеткізуге мүмкіндік беретін құрылғы. Мультиплексор бірнеше кіріс сигналын бір шығыс сигналына айналдыратын логикалық схема немесе бірнеше кіріс ақпараттық ағынын бір шығыс ақпараттық ағынына айналдыратын құрылғы. Мұнда сигналдарды мерзімдік, жиілікті және статистикалық біріктіру тәсілдері қолданылады.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5