Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев
Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев
Ермекбаев, 2018 жыл
Ту
Ту
Қорғаныс министрі
Ту
Ту
7 тамыз 2018 — 31 тамыз 2021
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары Сәкен Жасұзақов
Ізбасары Мұрат Бектанов
Өмірбаяны
Білімі КСРО ҚМ әскери Қызыл Ту институты
Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы
Тұңғыш Президент — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Ғылыми дәрежесі cаяси ғылымдарының кандидаты
Мамандығы қытай және ағылшын тілдерін білетін офицер (командалық құрамы); инженер-экономист
Дүниеге келуі 1 қаңтар 1963 (1963-01-01) (61 жас)
Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО
Әскери қызметі
Атағы Генерал-лейтенант
Марапаттары
Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Ортаққорда

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев (1 қаңтар 1963 жыл, Шымкент) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Төтенше және Өкілетті Елші, саяси ғылымдар кандидаты, 2018 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстанның Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант.[1]

2024 жылғы шілдеде Нұрлан Ермекбаевтың 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ШЫҰ Бас хатшысы қызметін атқаратыны жоспарланды.[2]

Нұрлан Ермекбаев 1963 жылғы 1 қаңтарда, Шымкентте дүниеге келген.

1980–1981 жылдары Ермекбаев Мәскеу химиялық машина құрастыру институты (полимерлерді,бұйымдар мен детальдарға қайта өңдеу машиналары мен технологиялары) химиялық машина құрастыру факультетіндегі оқу. Оқу кезінде оқу тобының старостасы болды.

1981 жылғы көктемде КСРО Қарулы Күштерінің қатарына шақырылды және КСРО ҚМ Әскери Қызыл Ту институтына (Шығыс факультеті) қабылданды. Оқу кезінде курстың комсомолдық ұйымының хатшысы лауазымын атқара отырып, БКЛЖО-да болды, КОКП мүшелігіне қабылданды.

Курстастарының берген мәліметіне сүйенсек, курсант кезінде, ұйымдастырушылық жұмысқа, тактика мен  жедел әскери өнердің негіздерін  үйренугежәне спортпен шұғылдануға бейімділігін танытты.

1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери Қызыл Ту институтын үздік бітірді (Институт бастығы - генерал-полковник Магомед Танкаев кезінде (бұрыңғы ВДВ 107 және 106 дивизиялары комдиві, бұрыңғы Польшадағы Солтүстік әскерлер тобының қолбасшысы) «Қытай және ағылшын тілдерін білетін офицер» мамандығын алды.

1984–1985 жылдары Ангола Халық Республикасындағы КСРО әскери миссиясы құрамындағы қызметтік іссапар.[3][4]

1986–1991 жылдары ол — Кеңес Одағының Қарулы Күштерінде Қырғыз КСР Ош облысында, Қазақ КСР  Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында офицерлік лауазымдарда әскери қызмет өткерді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап 1991-1996 жылдары сыртқы экономикалық ұйымдарда, оның ішінде шетелде жұмыс жасады.

1996–2001 жылдары бизнес құрылымдардағы басшылық жұмыста, Бейжің қ. «Қазақстан Халық банкі» ААҚ өкілдігін ашып, басқарды.

2001–2004 жылдары ол — Сингапурдағы, ҚХР-да дипломатиялық қызметінде болды. Сингапурдағы Қазақстан Республикасы дипломатиялық миссиясының бірінші басшысы болды.

2004–2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің жаңадан құрылған сыртқы саяси орталығын басқарды, ҚР Президентінің Кеңесшісі болды.

2007–2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2010–2012 жылдары – ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.

Әр жылдары стратегиялық құжаттарды, оның ішінде, сыртқы саясат тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қызметін басқарды. Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қарулы Күштердің құрылуы мен дамуының тұжырымдамасын әзірлеуге қатысты.

2012–2014 жылдары ҚХР-дағы сондай-ақ  Вьетнамдағы, КХДР (қоса жұмыс істеу жөніндегі) Қазақстан Республикасының Елшіліктерін  басқарды.

2014–2016 жылдары – Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып жұмыс атқарды.  

Тәуелсіз сарапшылардың ақпараты бойынша Нұрлан Ермекбаевтың кезінде Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының қайта ұйымдастырылуы жүргізілді және қорғаныс бөлімі құрылды. Кейбір сарапшылар Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің құрылуында Н. Ермекбаевтың белсенді рөлін атап өтуде. Кейбір жарияланымдарда оны Қазақстан Республикасында "Темасек" сингапурлық холдингтің үлгісі бойынша "Самұрық" компаниясының құрылу идеясының авторы деп атады.[5]

2016 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев (Ақтөбе мен Алматыдағы резонанстық террористік актілерден кейін) Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі арнайы министрлік құруға шешім қабылдады, жаңа жұмыс орнын басқаруды өзінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Нұрлан Ермекбаевқа тапсырды.

2016–2018 жылдары Дін істері және азаматтық қоғам министрі болған кезде  Н. Ермекбаев бірқатар бастамаларды іске асырды: ҚР Президенті  діни саладағы мемелкеттік саясатының тұжырымдамасын  бекітті; Парламентке Діни қызмет туралы заң жобасы жолданды.  22018 жылдың басында Н. Ермекбаев  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін Қоғамдық даму министрлігі етіп қайта атау туралы бастаманы  танытты.

2018 жылғы сәуірде Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына қайта тағайындалды, сол лауазымды 2018 жылдың тамызына дейін атқарды.

Қорғаныс министрлігі және отставкасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2018 жылғы 7 тамызда Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Бас штаб академиясының факультеті жанындағы "Әскери өнер" бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын аяқтады.

2019 жылғы 18 наурызда әскери қызметтің алдыңғы тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен генерал-майор әскери атағы берілді.

2020 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен генерал-лейтенант әскери атағы берілді.

Ашық дереккөздердің ақпараты бойынша, Н. Ермекбаевтың басшылығымен Қорғаныс Министрлігі дамудың жаңа жобаларын бастады және кейіннен Президент бекіткен Әскери жоспарлаудың бірқатар стратегиялық құжаттарын әзірледі[6][7]. Бұл Қарулы Күштерді дамыту тұжырымдамасы, «Қауіпсіз ел» Ұлттық жобасы тағы басқа стратегиялық  құжаттар.[8]

Кейбір әскери талдаушылар Н. Ермекбаевтың Қорғаныс министрі лауазымындағы жұмысын әскери барлауды күшейтуге[9], арнайы операциялар (арнайы операциялар) Күштеріне, резервтегі қызметтің жаңа моделіне бастамашылыққа аса назар аударумен байланыстырады.[10][11]

Сондай-ақ, оның басшылығы кезінде Қорғаныс министрлігі Түркияның Anka жауынгерлік дрондарын, "Эйрбас" компаниясының А-400 ауыр жүк таситын көлік ұшақтарын және Ресейдің «Бук» зениттік-зымыран кешендерін сатып алу туралы шешім қабылданды.

Ол қорғаныс министр болған кезде, COVID-19 пандемиясының барысында кейбір сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда пандемияға қарсы күресте азаматтық қорғау күштерінің орнына армия тым кең және қарқынды қолданылды.

2021 жылғы 31 тамызда Қазақстанның Жамбыл облысының оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстан кейін отставкаға шығу туралы өтінішімен берілген баянат негізінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды.

Кейінірек Н.Ермекбаев офицердің және генералдың Ар-намыс ұғымы оны орнынан түсуге итермелегенін, ерікті түрде орнынан түсу саяси жауапкершілікті мойындауды білдіретінін, ал нағыз кінәлілерді тергеу мен сот анықтасын деп түсіндірді.[12]

Орын алған оқиғаның жан-жақты тергеуі екі жылдан астам уақытқа созылды. 2023 жылдың қазан айында жарияланған Әскери сот шешімі бойынша өртті және ол себеп болған жарылыстарды екі әскери қызметші өздерінің басшысы – әскери бөлім командирінен жеке кек алу мақсатында ұйымдастырған қасақана өртеудің нәтижесі болып табылды.

Аталған әскери қызметшілер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, осы әскери бөлім офицерлеріне де түрлі қылмыстық жазалау шаралары қолданылды.[13]

Министрлігінен кейінгі мансабы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2023 жылғы қантарда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалған.

2024 жылғы шілдеде болған Астанадағы ШЫҰ саммитінде Нұрлан Ермекбаевтың 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ШЫҰ Бас хатшысы қызметін атқаратыны шешілді.[2]

Спорт қоян-қолтық ұрыс, 1988 жылғы спорт шеберіне кандидат нормативін орындады.

2018 жылдың тамызынан бастап болган, 2021 жылдың желтоқсанында Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс[14] қауымдастығының төрағасы болып қайта сайланды, кейіннен аталған Ассоциацияның Құрметті Президент болып сайланды.[15]

Жоғары оқу орындарының студенттеріне, тыңдаушыларына және оқытушыларына дәріс оқиды.

Ұлттық қорғаныс университетінің құрметті профессоры болып сайланды.

Қорғаныс министрі болған кезде (2019) Қазақстан қарулы күштеріне арналған “Патриоттар уақыты” көркем фильмін түсіоудің бастамашы және идея авторы болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://www.akorda.kz/ru/legal_acts/decrees/o-prisvoenii-vysshih-voinskih-i-specialnyh-zvanii-klassnyh-chinov-i-kvalifikacionnyh-klassov
  2. a b Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындалды  (қаз.). Азаттық Рухы (4 шілде 2024). Тексерілді, 4 шілде 2024.
  3. https://www.youtube.com/watch?v=vok2Uz159CU
  4. https://nomad.su/?a=2-200701110123
  5. https://www.inform.kz/ru/mid-samruk-kazyna-vobral-opyt-singapurskoy-temasek_a2598720
  6. https://news.mail.ru/amp/politics/48086566/(қолжетпейтін сілтеме)
  7. https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-utverdil-novuyu-kontseptsiyu-voorujennyih-sil-449545/amp/
  8. https://www.zakon.kz/amp/5087232-ministr-oborony-kazahstana-rasskazal-o.html
  9. https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-posetil-shtab-kvartiru-razvedchikov-391960/amp/
  10. https://vlast.kz/amp/novosti/47196-minoborony-kazahstana-predstavilo-koncepciu-zakonoproekta-po-voprosam-sluzby-v-rezerve.html
  11. https://dknews.kz/ru/v-strane/199204-chto-sdelal-nurlan-ermekbaev-na-postu-ministra
  12. https://www.nur.kz/incident/emergency/1929396-ermekbaev-o-chp-v-zhambylskoy-oblasti-dazhe-esli-net-moey-lichnoy-viny-v-etom-ya-dolzhen-otvechat/?
  13. https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/obvinyaemyim-vzryivah-voennom-sklade-taraza-soldatam-514262/К
  14. https://baigenews.kz/news/nurlan_ermekbaev_izbran_prezidentom_kazahstanskoi_assotsiatsiei_rukopashnogo_boya/
  15. https://total.kz/ru/news/obshchestvo_sobitiya/nurlan_ermekbaev_pereizbran_glavoi_arb_date_2021_12_03_11_15_40