Обухов титанды кен-қайраңдар тобы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Титан.

Обухов титанды кен-қайраңдар тобыАқмола облысында, Көкшетау қаласынан солтүстікке қарай 35 км жерде Қазақстан қалқанының солтүстік еңісінде орналасқан. Құрамы 3 телімнен (Горьков, Обухов және Березов) тұрады. Жоғарғы эоцен жасындағы обухов свитасының құмды түзілімдеріндегі шашырандылар палеогендік аккумулятивті жазықтың шеткі бөлігінде орналасқан. 28 м қалыңдықтағы өнімді түзілімдер үгілу қыртысында қалыптасып, үш бөлікті құрылым құрайды. Жоғары концентрациялы титан мен цирконийдің минералдары төменгі және жоғарғы свиталардың астындағы ұсақ түйірлі құмтастарда кездеседі. Төменгі свита астында олар бірінші өнімді горизонтты, ал жоғарыда – екінші және үшінші горизонтты құрайды. Екінші горизонттың өнімділігі жоғары, ол 75% кенді минералдардан тұрады, оның ішінде ильменит – 36%, цирконий – 26%, рутил – 8%, лейкоксен – 9%. Бұл горизонттың созылуы Горьков телімінде – 9,4 км, Обуховта – 12,8 км, Березовта – 4,2 км-ге жетеді. Бұл телімдерде едәуір байыған кендер ұзындығы 8 км-ге дейін және ені 1,5 км-ге дейін шоғырларды құрайды. Сипатталған шашырандылар – сирек металды титан өндірісінің шикізат базасы.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлім