Оливия Калпо

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Оливия Калпо
Olivia Culpo
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Оливия Калпо

Туған күні

08.05.1992

Туған жері

Кранстон (Род-Айленд), АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

модель

Белсенді жылдары

2012

Оливия Калпо (ағылшын. Olivia Culpo, 8 мамыр 1992 жыл, Кранстон (Род-Айленд), АҚШ) — американдық модель, сұлулық жарыстардың қатысушысы. 2012 жылдың «Жер жүзінің ханшайымы» атағының жеңімпазы және АҚШ-тың ханшайымы атағына ие болған.

1992 жылы 8 мамыр күні Кранстон қаласында, Сьюзан және Петер Калпоның отбасында дүниеге келген. Әкесінде италияндық шығу тегі бар, ал анасында итальяндық және ирландық шығу тектері бар. Ата-анасы – кәсіпқой музыканттар. Калпо отбасында төрт бала бар. 2010 жылы Род-Айленд қаласындағы «St. Mary Academy — Bay View» деген қыздарға арналған католик мектебін бітірген.

Екінші сыныптан бастап, виолончельда ойнауды үйрене бастады. 2010 жылдан бастап, сұлулық жарыстарға дайындала бастады. Бостондық университетте оқыған. Американдық тілден басқа, итальян тілін біледі. Өйткені, ата-анасы жартылай итальяндар. 2013 жылдың маусым айынан бастап, әлемге танымал әнші, актер және «Jonas Brothers» тобының бұрынғы мүшесі Ник Джонаспен бірге жүре бастады.

Сайыстардағы қатысулары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Күні, айы, жылы Атағы
18 қыркүйек, 2011 Мисс Род-Айленд АҚШ 2012
3 маусым, 2012 Мисс АҚШ 2012
19 желтоқсан, 2012 Мисс Жер жүзі 2012