Оттексіз тыныс алу
Oттексіз тыныс алу (Анаэробное дыхание)
- топырақ, су бактерияларының, азот қышқылының тұздарын (нитраттар) нитриттерге, молекулалық азот пен аммиакқа дейін ыдыратуы. Бұл процесс топырақты құнарсыздандырып, ауыл шаруашылығы үшін қолайсыз жағдай тудырады;
- оттексіз жағдайда органикалық заттектердің микроорганизмдермен тотығуының энергетикалық процесcі кезінде нитраттар, нитриттер және сульфаттар электрондардың соңғы кабылдағыштары (акцепторы) болып табылады. Мұндай жағдайдағы тыныс алу Oттексіз тыныс алу деп аталады.
Тыныс алу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тыныс алу — огранизмде жүретін физикалық-химиялық және физиологиялық процесcтердің жиынтығы. Бұл процесс кезінде оттектің келуі және көмірқышқыл газының бөлінуі сыртқы тыныс алуды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге жануарлардың клеткалары мен ұлпаларындағы оттек органикалық заттектерді — белоктарды, майларды, көмірсуларды тотықтыру үшін пайдаланылады. Осімдіктерде өттек негізінен олардың тіршілік орекетіне қажетті (клеткалык және ұлпалық тыныс алу) көмірсуларды тотықтыру үшін пайдаланылады. Көптеген организмдер (аэробтар) тіршілікке қажетті оттекті құрамында оттек бар органикалық қосылыстарды ыдырату (оны анаэробты немесе термомолекулалық тыныс алу деп атайды) арқылы алады. Бір клеткалы организмдерде — аэробтарда сырткы тыныс алу беттік клетка және оның диффузиясы арқылы жүреді.Организмдерде, адамдарда сыртқы тыныс алу арнайы мүшелер (кеңірдек, өкпе) арқылы жүреді. Ал ұлпалық тыныс алу өттекті тасымалдайтын қан арқылы қамтамасыз етіледі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |