Пәтер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Пәтер — тұрғын үй-жай түрі, бір не бірнеше бөлмеден тұрады.

Оны кейде, әсіресе Америкада, апартамент деп те атайды.[1]

Пәтерді әрлеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пәтерді әрлеу үшін әр-түрлі материалдар пайдалануға болады. Тұрғын бөлмелерге әсем қағаздар жапсырлады немесе желімді сырмен сырлайды. Дегенмен желімді сырдың сәндік сапасымен бірге кейбір кемшіліктері де бар. Атап айтқанда, тез көшіп кетеді әрі кіршең келеді. Оған қосы, түсқағаз жапсыруға қарағанда қабырғаны сырмен сырлауға уақыт көп кетеді. Ас үй қабырғасын әрлеу үшін майлы сыр немесе жууп алуға болатын түсті қағаз қолданылады. Майлы сырдың орнына кейінгі кезде одан әлдеқайда тиімді, оңай көшпейтін, мөлдір де ашық силикапты және синтетикалы, сондай-ақ сулы эмульсиялық сырлар пайдаланыла бастады. Ауа алмасуына кедергі келтірмейтін, алайда жылу сақтайтын әрі дыбыс өткізбейтін қасиеті бар бұл сырлар ұсақ тесікті жұмсақ жұқа пленка құрайды. Кіре беріс бөлме мен дәліз үшін де жуып алуға балатын түсті қағаз қолдану ұсынылады. Ваннаға ең қолайлысы-кирамикадан жасалған жылтыр плита (Қаптау мақаласын қараңыз). Өйткені мұндай плита пайдалануға өте ыңғайлы әрі сәндік, сапасы жоғары. Пәтердің қабырғалары төбесі мен едені айналасын тұйқтап, бөлектеп қана қоймайды, сонымен бірге мебельдер, жиһаздау заттары мен жасаулар үшін негізгі фон болып табылыды. Бұл заттардың көз тарта сәнді болып, адамға жақсы әсеретуі фонның түр-түсіне көп байланысты. Сондықтан, пәтерді әрлеуге кіріспес бұрын жалпы қандай түстің дұрыс екенін шешіп алған дұрыс. Әрине, бұл жерде пәтердің көлемін де естен шығармау керек.

Пәтерді жиһаздау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пәтерді жабдықтаған кезде, бөлменің ішін қалыптастырудың негізі болып табылатын пәтерді жоспарлаудың, бөлмелер санының, көлемінің және пропорцияның, олардың өзара байланыс схемасының маңызы зор. Сонымен бірге осы пәтерде тұрушылардың тұрмыс салтын талғамын және әдет-ғұрпын да ескерген жөн. Жиһаздарды іріктеп орналастыру ең алдымен пәтерді мебельмен жабдықтау - бөлменің ішін көркейтудің маңызы шарты. Мебельдің әртүрлі нақты бір мақсатқа арнаулы және өзінің конструкциясымен, пайдалануға икемділігімен, сапалылығымен, пәтерге қоюға ыңғайлылығымен қажетке сай келуі тиіс. Мебельді үйіп-төгіп, тығылыстырып, пәтерді тарылтып жіберудің де жөні жоқ. Бұл тұрғын жайдың жинақы, гигиеналық талапқа сай болуына қажетті шарттардың бірі. Мебельдерді орналастырғанда ең алдымен тұрғын жайдың пропорциясының есепке алған дұрыс. Әдетте, қомақты, биік мебель қазіргі замандағы типті пәтердерге ыңғайлы емес. Көлемі шағын пәтерлерге ықшамды мебель – жинамалы столдар мен отырғыштар, секретерлер, диван-кроваттар және жапсырмалы мебельдер қолайлы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]