Хонсю

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Хонсю
жапон. 本州
Хонсю аралындағы Фудзияма жанартауы және Аситака тауы
Хонсю аралындағы Фудзияма жанартауы және Аситака тауы
Сипаттамасы
Ауданы227969,74 км²
Ең биік нүктесі3776 м
Тұрғындар (2010 жыл)104 000 000 адам
Халық тығыздығы456,201 адам/км²
Орналасуы
36°18′45″ с. е. 138°44′15″ ш. б. / 36.31250° с. е. 138.73750° ш. б. / 36.31250; 138.73750 (G) (O) (Я)Координаттар: 36°18′45″ с. е. 138°44′15″ ш. б. / 36.31250° с. е. 138.73750° ш. б. / 36.31250; 138.73750 (G) (O) (Я) (T)
АрхипелагЖапон архипелагы
АкваторияТынық мұхит
Ел Жапония
Хонсю (Тынық мұхит)
Хонсю
Хонсю (Жапония)
Хонсю
Хонсю Ортаққорда

Хонсю, Хондо (жапон. 本州 – «негізгі арал») — Жапонияның ең ірі аралы, Тынық мұхит пен Жапон теңізінің аралығында. Хоккайдо аралынан Цугару (Сангар) бұғазымен, Кюсю және Сикоку аралдарынан Кіші Жапон теңізімен бөлінген. Аумағы 230,4 мың км2(маңайындағы ұсақ аралдарымен бірге — 231 мың км2), ең енді жері 1400 километр. Жер бедерінде аласа және орташа биіктіктегі таулар (Оу, Хида, Кисо, Акаиси, т.б. жоталар) басым; ең биік Жапон Альпісі жотасында жер бедерінің альпілік түрі таралған, қар жұрнақтары кездеседі. 20-дай әрекетті (Жапонияның ең биік жері — Фудзияма осында) және сөнген жанартаулар бар. Сейсмикалық аудан; жерсілкінулер (ең апаттысы 1923 жылы Токиода болды) жиі болып тұрады. Климаты мұхиттық муссондық, солтүстігінде қоңыржай, оңтүстігінде субтропиктік. Қаңтардың орташа температурасы –2 — 5°С, шілденікі 20 — 26°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері. 1000 — 3000 миллиметр аралығында. Күзде тайфун жиі соғады. Ірі өзендері Синано, Тоне және Кисоның суы мол; ірі көлі — Бива. Аралдың солтүстігінде жалпақ жапырақты (тауларында қылқан жапырақты ормандар), оңтүстігінде мәңгі жасыл субтропиктік орман таралған. Жағалауларындағы Канто, Ноби, Кинки, Этиго жазықтары жақсы өңделген және жиі қоныстанған. Хонсю көрші аралдармен су асты туннельдері арқылы жалғастырылған. Бандай-Асахи, Никко, Фудзи-Хаконе-Идзу ұлттық саябақтары құрылған. Ірі қалалары — Токио, Осака, Нагоя, Киото, Йокохама, Кобе.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том