Шалғындық бозторғай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шалғындық бозторғай
Song (ақп.)
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Бозторғайлар
Тегі: шалғындық бозторғайлар
Түрі: A. arvensis
Екі-есімді атауы
Alauda arvensis
Linnaeus, 1758

Шалғындық бозторғай (лат. Alauda arvensis) — Қазақстандағы шалғындық бозторғайлар туысының екі түрінің біреуі.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дене мөлшері орташа (35-45г), бозторғайға тән үйреншікті реңі бар, адамдардың көпшілігіне белгілі, кең тараған бозторғай түрі . Адамдар шалғындық бозторғайлардың үнін ғана нағыз бозторғайдың сайрауы деп санайды. Оған қазақ халқы «бозторғай» деп ән арнаған. Әуелеп тұрып, аспанға жоғарылай-жоғарылай ұзақ сайрап, көзге көрінбей кетеді. Сайрағаны өте әдемі- сыңғырлата үздік-үздік шырылдап, ұзақ сайрайды. Оның әуезі бірін-бірі қайталамай , тұтастығын сақтайды. Жұбымен жүрді, бір жазда екі ұяға жұмыртқалап, 2 рет балапан өргізеді. Ұясы- құрғақ шөп төселген шұңқыр жер. Балапандарды бір жарым аптаға жуық жемдеп, балапандар ұядан шығып жүрен кезде тағы бір апта қоректендіреді. Қазақстанның оңтүстігінде бұл құбылыс сәуірде байқалады.

Олар қыркүйек-қазанда Қазақстанды тастап, қыстаудан ақпан-наурызда оралады. Қыс жалы болғанда шалғындық бозторғайлардың шағын бөігі Қазақстанның нағыз оңтүстігінде жән Өзбекстанда қыстап қалады[2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International Alauda arvensis. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
  2. Құстар. Мектеп энциклопедиясы. Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. ISBN 978-601-282-168-0
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Alauda arvensis