Сергей Иванович Круглов
Сергей Иванович Круглов (1906 жылы қыркүйек, Баку – 1953, желтоқсан) - Қазақстан партия қайраткерi. Жұмысшы семьясында туған. 1925 жылдан КОКП мүшесi. 1918 — 1928 жылы Бакуде шаруашылық, комсомол, сов. ограндарында icтедi. 1928 — 1930 жылы Әзірбайжан мемлекеттік yниверситетінің жұмысшы факультетінде, 1930-1933 жылдары Москва Шығыс тану институтында оқыды. 1941 жылы Қазақстан кәсіпшілік советі президиумының председателi. 1942 —1946 жылдары Гурьев облысында партия комитетінің бiрiншi хатшысы. 1946-1951 жылдары Қазақстан КП OK-нің бюро мүшесi және оның екінші хатшысы. 1951 жылдан КОКП Башкирия обкомының бiрiншi хатшысы болды. 1949 — 1951 жылдары Қазақстан КП OK-нің мүшесі, 2-сайланған Қаз. КСР Жоғарғы Советінің жане 3-сайланған КСРО Жоғ. Советінің депутаты. Ленин орденiмен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6