Спектрлік приборлар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Спектрлік құралдар – оптикалық диапазондағы электрмагниттік сәулелердің спектрлік құрамын зерттеуге, сәуле көздерінің және онымен әсерлескен нысандардың спектрлік сипаттамаларын талдауға, спектрлік талдау үшін пайдаланылатын құралдар. Спектрлік құралдар пайдаланылу мақсатына, сәулені спектрге ажырату және тіркеу тәсілдеріне, толқын диапазонына, т.б. сипаттамаларына сәйкес бөлінеді. Қарапайым спектрлік құралдарға жарық сүзгі жатады. Спектрлік құралдардағы спектрді талдау белгілі толқын ұзындықтарына сәйкес келетін сызықтардың энергиясын өлшеуге тіреледі. Өлшеу әдістеріне қарай спектрлік құралдар көзбен бақыланатын спектроскоптар, фотопластинкаға түсіруге негізделген спектрографтар және камера объективінің фокустық жазықтығында орналасқан саңылаудан шыққан сәуле ағынын өлшеуге арналған спектрометрлер болып бөлінеді. Соңғы кезде ажырату қабілеті өте жоғары, қос сәулелі, бір немесе көп каналды (яғни бірнеше спектрлік сызықтар энергиясын бір мезгілде жеке-жеке өлшеуге арналған) спектрофотометрлер мен өнеркәсіптік мақсаттағы спектрлік талдау үшін қолданылатын күрделі фотоэлектрлік құрылғылар – квантметрлер пайда болды. Қазіргі кезде мұндай квантметрлердің бір мезгілде 80 каналмен жұмыс істейтін түрлері бар.[1]


Пайдаланған сілтеме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы