Сталагнаттар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сталагнаттар, сталактон – үңгірлерде жоғарыдан төмен салбыраған сталактиттер (тассүңгілер) мен оларға қарсы табанынан жоғары қарай өскен сталагмиттер (тасқадалардың) қосылып, бірігуінен пайда болған тасбағандар. Сталагнаттардың құрамы тамшылаған судағы ерітінділердің құрамына байланысты: әкті, гипсті немесе басқа тұзды. Тасбағандардың өлшемдері тамшылаған судың булану жылдамд. мен минерал түзілудің қарқындылығына байланысты. [1]

Пайдаланған сілтеме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы