Энн Бронте

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Энн Бронте
ағылш. Anne Brontë

 Энн Бронте ағасы Бренуэлл салған портреті.
Лақап аты

Эктон Белл

Туған күні

17 қаңтар 1820 (1820-01-17)

Туған жері

Торнтон, Ұлыбритания

Қайтыс болған күні

28 мамыр 1849 (1849-05-28) (29 жас)

Қайтыс болған жері

Скарборо, Норт-Йоркшир, Англия, Ұлыбритания

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Мансабы

ақын, романист

Шығармашылық жылдары

1836—1849

Жанры

Сыни реализм

Шығармалардың тілі

ағылшын

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Энн (Анна) Бронте (ағылш. Anne Brontë; 17 қаңтар 1820, Торнтон, Уэст-Йоркшир, Ұлыбритания28 мамыр 1849, Скарборо, Норт-Йоркшир) — ағылшын жазушысы және ақын, үш Бронте апалы-сіңілілердің кішісі. «Агнес Грей» және «Уайлдфелл Холлдан келген бөгде қыз» романдарының және біраз өлеңдердің авторы болып саналады. 

Энн Бронте ирландық кедей дін қызметшісі мен оның әйелі Мария Бренуэллдің кіші қызы болатын. Оның анасы Эннге екі жас толмастан дүниеден кеткен болатын. Өмірінің үлкен бөлігін Энн Хоэрт қыстағында өткізді. Екі жыл бойы Роу Хэд мектебінде білім алғаннан кейін ол гувернантка болып жұмыс істей бастады және Бронте апалы-сіңілілердің ішіндегі осы салада жетістікке жеткен жалғыз қыз атанды. Ингэм отбасына жұмысқа орналасуындағы сәтсіздігіне қарамастан, қыз ары қарай бес жыл бойы Робинсон отбасының балаларын тәрбиелеп, оларға білім берді.