Қарасу ауданы (Қырғызстан)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Аудан
Қарасу ауданы
Кара-Суу району
Әкімшілігі
Кіреді

Ош облысы

Әкімшілік орталығы

Қарасу қаласы

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1935

Жер аумағы

3616 км²

Уақыт белдеуі

UTC+6

Тұрғындары
Тұрғыны

348 645 [1] адам (2009)

Ұлттық құрамы

қырғыздар - 54,3%
өзбектер - 38,5%
ұйғырлар - 3,0%
тәжіктер - 1,7%
түріктер - 1,0%

Ресми тілі

Қырғыз тілі

Пошта индекстері

723300

Қарасу ауданы картада

 Басқа мағыналар үшін Қарасу ауданы деген бетті қараңыз.

Қарасу ауданы (қыр. Кара-Суу району) — Қырғызстанның Ош облысы құрамындағы аудан. 2009 жылы ауданда 348 645 адам тұрған.

Ауданның әкімшілік орталығы — Қарасу қаласы.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарасу ауданы көбіне Ош-Қарасу оазисінде орналасқан. 1962 жылы аудан құрамына Ош ауданы кірген кезде Қарасу ауданы облыс орталығы — Ош қаласын қоршай орналасты. Аудан орталығы Қарасу қаласының маңында Шарақансай магистралды каналы бойымен Өзбекстанмен мемлекеттік шекара өтеді.

Аудан аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай облыстың орталық бөлігі бойымен созылып, Ферғана аңғарының шығыс шетінде және Алай жотасының таулы сілемдерінде орналасқан.

Климат ауданның жазық бөлігінде субтропиктік, құрғақ, ал таулы жерлерінде — континентті климаттық белдеу. Ауданда қыс ұзақ емес және жұмсақ. Ең суық айда температура орташа есеппен -3...-5 градусты құрайды. Қар жамылғысы түзілмейді десе де болады. Жазы ыстық және ұзақ. Шілдедегі күндізгі температура орта есеппен құрайды +34...+36 градусты құрайды.

Қырғызстан халқының 2009 жылғы санағы деректері бойынша аудан халқы 348 645 адамды құрайды, оның ішінде қырғыздар - 189 262 адам немесе 54,3%, өзбектер - 134 340 адам немесе 38,5%, ұйғырлар - 10 445 адам немесе 3,0%, тәжіктер - 5 947 адам немесе 1,7%, түріктер - 3 368 адам немесе 1,0%, әзербайжандар - 2 440 адам немесе 0,7%, дүнгендер - 786 адам, немесе 0,2%, татарлар - 749 адам, немесе 0,2% .

Қарасу ауданындағы Таширов ауылы — дүнгендер шоғырланып қоныстанған аймақ.

Айылдық округтері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан 16 айылдық округтен, 124 елді мекеннен тұрады[2]:

  1. Ақ-Таш, құрамында эксклав (Барақ) бар (Өзбекстан жерімен қоршалған)
  2. Жаны-Арық
  3. Жоош
  4. Қатта-Талдық
  5. Қашқар-Қыштақ
  6. Қызыл-Қыштақ
  7. Қызыл-Су
  8. Мады
  9. Нариман
  10. Отыз-Адыр
  11. Папан
  12. Савай
  13. Сарай
  14. Сары-Қолот
  15. Толойкон
  16. Шарк
  17. Озгур (бөлігі)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]