Өңеш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Өңеш

Өңеш (лат. esopagus — өңеш) (esophagus) – адамның ас қорыту жүйесінің ауыз қуысы мен жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлімі. Өңеш адамда түтік тәрізді, ұзындығы 25 см-дей, диаметрі 16 – 22 мм (созылғанда), қалыңдығы 3,5 – 5,6 мм. Өңеш мойын, көкірек, құрсақ бөлімдерінен тұрады. Оның қабырғасын ішкі – кілегейлі, ортаңғы – етті, сыртқы – көкірек және құрсақ бөліктерін сірлі қабық, мойын бөлігін адвентиция (қан тамырының сыртқы дәнекер қабығы) құрайды. Кілегейлі қабығында кілегей бөлетін альвеолалы түтікше бездер орналасады. Өңештің кілегейлі қабығын көп қабатты эпителий астарлайды. Тағам Өңеш бойымен ет қабатының жиырылуынан және тағамның өз салмағынан төмен қарай жылжиды. Ауруға шалдыққан немесе бөгде зат тұрып қалған Өңешті бармақпен басып не тиісті аспаппен, арнайы зонд жіберіп, рентген арқылы тексереді. Қажет жағдайда хирургиялық операция жасалынады.
Омыртқасыз жануарларда Өңеш ауызқуысы жұтқыншақтан ортаңғы ішекке дейін созылып жатады (мысалы, жалпақ және буылтық құрттарда); жоғары сатыдағы шаянтәрізділерде, семсерқұйрықтыларда, жәндіктердің көпшілік түрлерінде Өңеш шайнау қызметін атқарады. Құстардың Өңеші ұзын болады, ол кейін жемсауға айналады. Ал омыртқалы жануарлардың көпшілігінде Өңеш жұтқыншақты қарынмен жалғастырады.

Өңеш науасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өңеш науасы (пищеводный желоб) — күйісті жануарлардың көп бөлімді қарнының жұмыршақ бөлімінің қабырғасында орналасқан өңештің жалғасы. Азықтың сұйық бөлігі (төлдер еметін сүт, уыз) өңеш науасы арқылы тікелей ұлтабарға (безді бөлімге) өтеді. [1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
  2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік.

    Сипаттамасы

    [өңдеу | қайнарын өңдеу]

    Ұзындығы 25 сантиметрдей, іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлігі қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сілеймелі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлы тамақ өткен кезде өңеш кеңейеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабықшасының көп бөлігі біріңғайсалалы бұлшықет ұлпасынан тұрады.

    Дереккөздер

    [өңдеу | қайнарын өңдеу]

    Биология 8 сынып Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0