App Inventor

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
App Inventor 2
App Inventor 2.png
Google App Inventor
Тұрпат

Бағдарламалық жасақтама әзірлеу

Автор

Google, Inc.

Жасаушы

MIT Media Lab, MIT Computer Science and Artificial Intelligence Lab

Жазылған

Java, Kawa Scheme

Операциялық жүйелер

Android

Интерфейс тілдері

ағылшын, испан, француз, италиан, корей, дания, португал, орыс, швед, қытай тілдері

Соңғы нұсқа

nb183

Лицензия

MIT License

Сайт

appinventor.mit.edu

App Inventor — бастапқы коды ашық веб-қолданба болып табылады. Google компаниясымен әзірленген, қазіргі таңда Массачусетс технологиялық институтының қолдауында.

Осы бағдарлама компьютерлік бағдарламалаудағы жаңа бастаушыларға Android операциялық жүйесімен қолдаулы қолданба жасауға мүмкіндік береді. StarLogo TNG және Scratch бағдарламалау тілдеріне ұқсас графикалық интерфейс пайдаланушыларға жүгірткі(мышь) арқылы визуалды объектілерді көшіруге, сол арқылы жұмыс істейтін қолданбаны жасауға үлесін қосады. Осы жобаны жүзеге асыру барысында Google компаниясы онлайн әзірлеу орталары және білім беру мақсатындағы бағдарламалау жайлы көптеген зерттеулер жасаған болатын.  [1]

App Inventor және оған ұқсас жобалар конструкторлық білім беру теорияларына негізделіп, бағдарламалаудың белсенді оқыту барысында көптеген қажетті идеяларды тарту мүмкіндігі қарастырылады . Осы жоба 1960-шы жылдардағы Сеймур Паперт және МТИ тобының жұмысынан басталып, Митчелл Резниктің Lego Mindstorms және StarLogo проектілерінде орын алатын компьютер мен білім беру салаларындағы өтетін тоқтаусыз қозғалыстың бөлігі болып табылады.[2]

Оған қоса, MIT App Inventor Firebase және Database қосымшаларын қолдайды. Оның мақсаты - Google-дің Firebase базасы негізінде қолданушыларға ақпарат сақтауға мүмкіндік беру.

Қосымша сұрау бойынша 12 шілде 2010 жылы, ал 15 желтоқсан 2010 ашық жарияланды.  Хэл Абельсон және Марк Фридман[3] App Inventor командасын басқарды. 2011 жылдың екінші жартысында, Google  бастапқы кодты  жариялап, серверді аяқтап, Хэл Абельсон және МТИ профессорлары Эрик Клопфер мен Митчелл Резник басқарған МТИ мобильді оқыту орталығына қаражат бөлді. [4] МТИ нұсқасы 2012 жылдың наурыз айында іске қосылды .

6 желтоқсан 2013 жылы (Код сағатының басталуы),[5] МТИ "App Inventor Classic" бастапқы атауын өзгертіп, "App Inventor 2" шығарды. [6] Негізгі айырмашылықтары:

  • Блок редакторы бастапқы нұсқасында Open Blocks Java кітапханасын қолдана отырып бөлек Java процесс ретінде қарастырылды. 
App Inventor Classic Blocks Editor

Open Blocks МТИ-ның Шеллер мұғалім оқыту бағдарламасымен қамтамасыз етілген, ол Рикарозе Рокенің кандитаттық диссертацияларға негізделген. МТИ Лицензиясы бойынша Профессор Эрик Клопфер және Дэниель Вендел Open Blocks бағдарламасын таратуды қолдаған болатын. Open Blocks визуалды бағдарламалау StarLogo TNG мен Scratch тілдеріне өте жақын болып табылады. App Inventor 2 жарияланғаннан кейін  Open Blocks Blockly ортасымен алмастырылған, осы уақытта блок редакторы браузер ішінде жұмыс істе бастаған.

  •  MIT AI2 Companion қолданбасы USB-мен қатар Wi-Fi да арқылы қосылған девайс арқылы бағдарламаны ретке келтіру(отладка) жүзеге асады. 

2014 жылдың мамыр айында 87 мың апталық белсенді қолданушылар, 195 мемлекеттегі 1,9 млн тіркелген адам және 4,7 млн жасалған қолданбалар тіркелді.[7]

2015 жылдың желтоқсан айына қарай бағдарлама 140 мың апталық белсенді қолданушы, 195 мемлекеттегі 4 миллион тіркелген адам және 12 млн жасалған қолданба тіркелді.[7]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Lego Mindstorms
  • StarLogo
  • Blockly

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қосымша сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]