I Ираклий

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

I Ираклий (Herakleios)(575, Каппадокия - 641, Константинополь) - Византия императоры. Империя ішкі және сыртқы саясатта тоқыраған кезеңде өкімет билігін басып алған. Ираклий империяның жағдайын уақытша жақсартты: 626 жылы аварлар мен славяндардың Константинопольге жасаған жорығын тойтарды; 627 - 628 жылдары парсыларды талқандады, олардың Азия және Египетте басып алған жерлерін қайтарды. Бірақ Ираклий билігінің соңғы жылдарында Византияның бұл шығыс провинцияларын арабтар жаулап алды. Византия тану ғылымын зерттеущілердің едәуір бөлігі Ираклий ірі әскери - әкімшілік реформаларды жүзеге асырды деп есептейді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]