M163 VADS

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

"М163" - 20 мм зенитті өздігінен жүретін құрылғы. 1960 жылдардан бастап Америка Құрама Штатында қолданысқа енген. Аталмыш қаруды "жанартау жүйесі" деп те атайды, себебі ол әуе шабылынан қорғануға өте ыңғайлы. Авиациялық 22 мм зеңбірек негізінде жасалған "М113" зенитті қаруының бронетранспортері шассиын орнату арқылы 1964-1965 жылдары Рок-Айленд арсеналында жасалды. Бұл қару АҚШ пен Вьетнам арасындағы соғыста пайдаланылған болатын, алайда артынша 1980 жылы ескіріп, қолданыстан шықты. Қару экспортқа жиі шығарылады. Араб-Израиль, Ливан, Марокко, Батыс Сахара соғысында қолданылды. 2010 жылғы мәліметтер бойынша, «М163» көп елдердің әскери қаруы қатарына енді.

Машина корпусы алюминийлі броннан жасалған, қалыңдығы 38 мм. Бұл брон экипажды атқыштар қаруынан және артиллериялық снарядтар мен миналардың сынығынан ішін қорғап тұрады. Құрылғы түнгі шабуылға арналған. Танкі багының сыйымдылығы – 360 литр. Қару радары шағын және онда М16 қаруының оптикалық есептегіші орналасқан. Шабуылдайтын бөлігінің салмағы – 12,5 кг.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Д.Мазен. Қару-жарақтар. – Алматы: «Аруана» баспасы. – 208 бет.