Бренд

Samsung Galaxy-мен жеңістерге ашыл

*Кескін бейнелеу мақсатында үлгі ретінде берілген.

Біз Париж-2024 Олимпиада және Паралимпиада ойындарын қуанышпен тойлауға дайындала бастадық, Samsung компаниясы бәріміздің ұлы спорттық мұрамызға қайта қатысу арқылы өзінің инновациялық және шығармашылық көзқарасын білдіруге дайын. Махаббат қаласы деп аталатын Париж қаласында 2024 жылы өтетін бұл ойындарда жаңа ойларға ашық болу қабілеті жаңа тәжірибе мен көзқарастарды ашуға да негіз болатынына сенімді, бұл үлкен жетістіктерге және шексіз мүмкіндіктерге алып келе алады.

Париж-2024 ойындары ең ашық, жан-жақты және экологияға жағымды Олимпиада ойындары болуға үміттенеді. Samsung компаниясы Дүниежүзілік Олимпиада және Паралимпиада ойындарының бұрыннан келе жатқан серіктесі ретінде Ойындардың терең мағыналы ұранын сымсыз байланыстың ең соңғы технологиялары арқылы таратуға көмектеседі, біз Ойындардың қоғамымызға және платенамызға жағымды әсер сыйлайтын кезеңінде қолдау көрсететінін мақтан тұтамыз. Ұлы спортшыларымызды және бүкіл дүние жүзінің жанкүйерлерін жинайтын ойындарда Samsung технологиялары спортқа деген құштарлығымен бүкіл ғаламшарды біріктіреді және шабытпен бөліседі.

Samsung компаниясы «Samsung Galaxy-мен жеңістерге ашыл» атты ұранымен қалай ашық болу жеңіске жетудің басты тірегі екендігін көрсетеді. Samsung инновацияларының және Париж-2024 ойындарының ашықтыққа деген көзқарастары бір түпкілікті негізден шығады. Кез келген керемет жаңашылдыққа жету идеяға жаңаша қарауды, белгілі бір шешімге жету үшін мүлдем жаңа жолды іздеп табуды қажет етеді. Samsung компаниясы Париж-2024 ойындарының серіктесі болғандығын мақтан тұтады, ашықтық көзқарасын енгізе отырып, Samsung компаниясы және Париж-2024 ойындары жеңіске жетудің мағынасы зор жаңа қадамын бірге жасайды.

Париж 2024 Олимпиадасының мақтаныш демеушісі

Samsung Galaxy командасы

Samsung Galaxy командасы бұрыңғыдан да мықты. Олимпиада және Паралимпиада ойындарының шабыттандыратын жаһандық тізімінің ең үздік спортшылары Париж-2024 ойындарында өздерінің жетістіктерін көрсетуге дайын. Олар Samsung компаниясының «Samsung Galaxy-мен жеңістерге ашыл» ұранына сенеді. Осылайша, ойын алаңында да, күнделікті өмірде де мағыналы әсер қалдырады. Олар тек өз спорт түрлерінің ең үздік жұлдыздары ғана емес, сондай-ақ жаңа ойларға және әр жаңа тәжірибеге ашық болатын жандар. Осындай ашықтық - олардың алдында жаңа көзқарастарды және шексіз мүмкіндіктерді ашатын маңызды жетістік.
Біз керемет спортшылардан құралған осындай тамаша командаға қолдау көрсеткенімізді мақтан тұтамыз, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша олардың жанкүйерлеріне спортшылардың өмірі, көзқарасы мен спортқа деген құштарлығы туралы баяндаймыз. Осылайша, әр адамды күнделікті өмірде жаңа мүмкіндіктерге ашылуға шақырамыз. Осында Games Wide Open ойындарында жаңаға ең ашық команда – бұл Samsung Galaxy командасы. Бізге оларға қолдау көрсетуге көмектескеніңіз үшін сізге алғыс айтамыз!

Бадминтон

An Se-young (Ан Се-ён)

Дүниежүзілік бадминтон федерациясының 2019 жылғы Ең үлкен үміт беретін ойыншысы. Ол 2023 жылғы Халықаралық чемпионатта алтын медальді жеңіп алды, 2023 жылғы Азия ойындарында Кореяға командалық сайыста алтынды әкелді.

Instagram

Скэйтбординг

Aurélien Giraud (Орельен Жиро)

Ол - Францияның екі дүркін ұлттық чемпионы және ағымдағы әлемдік чемпион, ол Токио-2020 Олимпиада ойындарының Men’s Street сайысында алтыншы болды. Ол қожайын ел үміт артқан ең үздік спортшылардың бірі ретінде қазір Париж-2024 Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр.

Instagram

Футбол

Son Heung-min (Сон Хын-мин)

Ол - әлем спортының жұлдызы, Премьер лигадағы Tottenham Hotspur клубының форварды және Оңтүстік Кореяның ұлттық командасының капитаны. 2020 жылы ол FIFA Puskas Award жеңімпазы және 2022 жылы Премьер Лиганың Golden Boot жеңімпазы атанды. Оның шеберлігі Оңтүстік Кореядағы спорттың шегінен асты, ол 2022 жылы өткен FIFA World Cup кезінде айрықша танымалдыққа ие болды.

Instagram

Брейк

Kim Ye-ri (Ким Йе-ри)

Ол - Оңтүстік Кореяның ең үздік брейкерлерінің бірі, басқаша айтсақ - B-girl Yell, өз спортын Олимпиада кезіндегі бүкіл әлемге ашуға көмектеседі. 2018 жылы ол Буэнос-Айрес қаласында өткен Youth Olympic Games ойындарында қола жүлдені жеңіп алды.

Instagram

Спорттық өрмелеу

Seo Chae-hyun (Со Чхэ-хён)

Ол – Оңтүстік Кореяның ең мықты жас спортшыларының бірі. Ол - әлемдік чемпион және Олимпиада ойындарының финалисті. Ол Токио-2020 Олимпиада ойындарында өткен спорттық өрлеу жарысына Оңтүстік Кореяның атынан қатысқан жалғыз әйел болды, бұл оның Олимпиадаға бірінші рет қатысуы еді, сондай-ақ ол спортшылардың арасындағы ең жасы болды.

Instagram

Үстел теннисі

Shin Yu-bin (Шин Ю-бин)

Ол - “Ping Pong Prodigy” деген атпен әйгілі болған үстел теннісінің ерекше ойыншысы және Олимпиада ойындарына қатысқан ең жас Кореялық үстел теннисінің ойыншысы.

Instagram

Брейк

Sarah Bee (Сара Би)

Ол - Францияның Дижон қаласында жаттығатын толығымен әйелдерден құралған Zamounda командасының мүшесі. Жылдам, динамикалық және батыл стилімен танымал спортшы жаттығу кезінде әр түрлі қозғалыстарды араластыру арқылы өзінің “Bee style” атты бірегей стилін құрайды. Парижде өтетін Олимпиада ойындарында брейк тұңғыш рет спорт түрі ретінде көрсетілетіндіктен ол онда өзінің шеберлігін көпшіліктің алдында таңқалардай етіп көрсетуге үміттенеді.

Instagram

Серфинг

Johanne Defay (Йоханна Дефей)

Ол - Францияның кәсіби серфері, Токио-2020 Олимпиада ойындарында өткен әйелдер арасындағы сайыста тоғызыншы болды. Оның мансаптық жетістіктеріне WSL Championship Tour сайысында бес рет жеңіске жетуі және 2015 жылы US Open of Surfing сайысында бірінші орын алуы кіреді. Ол 2023 жылы Австралияда Bells Beach жағажайында өткен Дүниежүзілік чемпионатта біліктілігін дәлелдеп, Париж-2024 Олимпиада ойындарында туған елінің атынан шығады.

Instagram

Спорттық өрмелеу

Mejdi Schalk (Мейди Шальк)

Ол – Францияның тау-тас өрмелеушісі, спорттық өрмелеудің жаңа шыққан жұлдызы. Ол Toкио-2020 Олимпиада ойындарында тұңғыш рет өзін көрсетті. 2022 жылы өткен World Games әлемдік ойындарында ерлер арасындағы сайыста қола медальді иеленді, ал 2023 жылы IFSC Climbing Boulder World Championships сайысында күміс жүлдені жеңіп алды.

Instagram

Баскетбол

Marine Johannes (Марин Жоаннес)

Қол шеберлігін ескере отырып, ол алаңда «Сиқыршы» деген атпен танымал болды. Ол АҚШ-тағы Әйелдер Ұлттық Баскетбол қауымдастығының (WNBA) «New York Liberty» командасының жұлдызды ойыншысы. Оның мақсаты – туған елінің халқы алдында Париж-2024 ойындарында Францияның атынан шығу.

Instagram

Серфинг

Jack Robinson (Джек Робинсон)

Ол серфинг бойынша Париж-2024 Олимпиада ойындарында Австралияның атынан шығады. Ол қазіргі заманғы толқын райдерлерінің ең үздігі болып саналады. Ол 2020 және 2021 жылдары Australian Surfing Awards пікірі бойынша Жылдың ең үздік серфері атағына ие болды.

Instagram

Скейтбординг

Sky Brown (Скай Браун)

Ол - үш жастан бастап скейт тебуді бастады, сондай-ақ Олимпиада ойындарына қатысуға біліктілігін дәлелдеген тұңғыш Британдық әйел скейтбордшы, ол 13 жасында Токио-2020 Олимпиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды. Қазіргі таңда ол – Париж-2024 Олимпиада ойындарында скейтбординг спорт түрінде Ұлыбритания атынан шығатын спортшы, сондай-ақ 15 жасынан бастап ол өз спортының иконасы атанды.

Instagram

Серфинг

John John Florence (Джон Джон Флоренс)

Ол – «өз дәуірінің ең беделді толқын серферлерінің бірі» ретінде танымал. Ол Гавай аралдарында туған, бес жасынан бастап серфингпен айналыса бастады, сондай-ақ «Triple Crown of Surfing» сайысына қатысқан ең жас серфер болды. Бүгін ол – әлемнің екі дүркін чемпионы, «Triple Crown of Surfing» бес дүркін чемпионы және World Surf League сегіз дүркін чемпионы.

Instagram

Параатлетика

Madison de Rozario (Мэдисон де Розарио)

Ол – Австралиядан келген Паралимпиадалық атлет және мүгедектер арбашаларының жарысына қатысатын жарысушы. Ол төрт Паралимпиада ойындарына қатысып, екі алтын медальді, үш күміс медальді және бір қола медальді жеңіп алды.

Instagram

Атлетика

Sifan Hassan (Сифан Хассан)

Ол – Эфиопияда туған, голландиялық орта және ұзын қашықтықтарға жүгіретін спортшы. Ол Токио-2020 Олимпиада ойындарында ешкім бұрын көрмеген қатарынан үш жетістікке жетті, 5 000 м және 10 000 м қашықтықта екі алтын медальді және 1500 м қашықтықта бір қола медальді жеңіп алды.

Instagram

Брейк-данс

Karam Singh (Карам Сингх)

Ол өз жолын брейк-данста 2006 жылы бастады, 2019 жылы ол UK B-Boy Championships әлемдік финалында соло-чемпион атанып, мансабында алғаш рет үлкен жетістікке жетті.

Instagram

Брейк-данс

Grace “Sunny” Choi (Грейс «Санни» Чой)

Ол – Кентукки қаласында туған брейк-данс спортшысы, қазір ол Нью-Йорк қаласында тұрады. Париж-2024 Олимпиадалық ойындарында ол АҚШ командасының құрамында тұңғыш брейк-данс бойынша байқауда өз өнерін көрсетеді. Қазіргі уақытта ол – АҚШ-тың брейк-данс чемпионы, ол 2023 жылдың қараша айында спорттың осы түрінде алғаш рет Pan American ойындардың алтын медалін жеңіп алды.

Instagram

Скейтбординг

Jagger Eaton (Джаггер Итон)

Ол - әлемнің екі дүркін чемпионы, X Games ойындарының бес дүркін чемпионы және АҚШ атынан шығатын олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Токиода өткен Олимпиадада бұл спорт түрінің дебюті болды, сол уақытта ол стритбординг сайысында сынған тобығымен үшінші орынды алды. Енді ол Париж-2024 Олимпиада ойындарында қос алтынды алуды өзінің мақсаты ретінде қойды, себебі алдағы ойындарда ол көшелік сайысқа да, саябақтағы сайысқа да қатысуға үміттенеді.

Instagram

Бадминтон

Carolina Marín (Каролина Марин)

Ол – испандық кәсіби бадминтон ойыншысы, олимпиада чемпионы, әлемнің үш дүркін чемпионы, Еуропаның алты дүркін чемпионы және әйелдердің дара разрядында BWF рейтингісі бойынша әлемнің бұрыңғы бірінші ракеткасы, кезінде ол әлемнің бірінші ракеткасы атағын 66 апта бойы ұстап тұрды.

Instagram

Скейтбординг

Rayssa Leal (Раиса Леал)

Ол – тарихтағы ең жас олимпиада жүлдегерлерінің бірі, 13 жасында Токио-2020 Олимпиада ойындарының әйелдер арасындағы көшелік сайыстарда күміс медальді жеңіп алды. Қазіргі таңда бразилиялық скейтбордшы – әлемнің екі дүркін чемпионы, X Games ойындарының екі дүркін алтын жүлдегері және осы спорт түрінен көптеген жас қыздардың тәлімгері.

Instagram

Дайвинг

Alejandra Orozco (Алехандра Ороско)

Ол – Мексикадан шыққан олимпиада ойындарының үш дүркін ойыншысы және Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері. Лондон-2012 Олимпиада ойындарында 10 метрлік платформадан синхронды секіру бойынша күміс жүлдені, ал Токио-2020 ойындарында қола жүлдені жеңіп алды.

Instagram

Соқырлар футболы

Yvan Wouandji (Иван Вуанджи)

Ол – француз соқырлар футболының жұлдызы, Лондон-2012 Паралимпиада ойындарында күміс медальді жеңіп алды және соқырлар футболы бойынша Куропа кубогының үш дүркін чемпионы.

Instagram

Пара жүзу

Ugo Didier (Уго Дидье)

Ол – франциялық паралимпиада жүзу спортының ойыншысы, Токио-2020 Паралимпиада ойындарында 400 м қашықтыққа S9 ерлер арасында еркін жүзу стилінде өткен сайыста күміс медальді, 200 м қашықтыққа SM9 ерлер арасында дара стильмен жүзу сайысында қола медальді жеңіп алды.

Instagram

Пара атлетика

Johannes Floors (Йоханнес Флорс)

Ол – аяғы екі жақтан кесілген неміс пара атлетика ойындарының спортшысы. Ол Рио-2016 Паралимпиада ойындарында 4х100 м ерлер эстафетасының құрамында алтын медальді, ал Токиода өткен Олимпиада ойындарда 400 м қашықтықта алтын медальді және 100 м қашықтықта қола медальді жеңіп алды.

Instagram

Голбол

Heejin Kim (Хиджин Ким)

Ол – голбол спорт түрінің соқыр ойыншысы, Кореяның голбол бойынша ұлттық құрамасының капитаны, Оңтүстік Корея оның арқасында 28 жылда алғаш рет Париж-2024 Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Париж-2024 Олимпиада ойындарының жолында
деректі фильмдердің сериясы

Олимпиада ойындары және Samsung

4

Ертеңгі күн үшін шешім қабылдаңыз, қозғалыңыз және жасаңыз.
Алға ұмтылу, мүмкіндіктерге қарсы тұру және жаңасын жасау үшін қозғалысқа қосылыңыз.

«Бірге, ертеңгі күнге мүмкіндік беретін адамдарға» мәтіні Олимпиада сақиналарының қалған төрт түсіндегі сызықтармен біріктірілген. Төменде «Powered by» мәтіні, одан кейін Олимпиада сақиналары, Samsung логотипі және Agitos логотипі жазылған. Оның астында "WORLDWIDE PARTNER" деп жазылған. «Бірге, ертеңгі күнге мүмкіндік беретін адамдарға» мәтіні Олимпиада сақиналарының қалған төрт түсіндегі сызықтармен біріктірілген. Төменде «Powered by» мәтіні, одан кейін Олимпиада сақиналары, Samsung логотипі және Agitos логотипі жазылған. Оның астында "WORLDWIDE PARTNER" деп жазылған.
   

Galaxy AI осында

Ол шығармашылық, адамгершілік пен шексіз мүмкіндіктердің жаңа әлеміне есікті ашып, әлеуетіңізді жан-жақты дамытуға арналған. Өмір Galaxy AI-мен бірге жаңа қырынан ашылады.

Әр түрлі Galaxy құрылғылары, соның ішінде смартфондар, планшет, Galaxy Z Fold құрылғысы және Galaxy Z Flip құрылғысы бір қатарда тұр, олардың бірлескен экран беттерінде солтүстік шұғыла фонында "Galaxy AI is here" деп жазылған. Әр түрлі Galaxy құрылғылары, соның ішінде смартфондар, планшет, Galaxy Z Fold құрылғысы және Galaxy Z Flip құрылғысы бір қатарда тұр, олардың бірлескен экран беттерінде солтүстік шұғыла фонында "Galaxy AI is here" деп жазылған.

Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысты одан да көп хикаялар

Келесі осы хикаяларды оқыңыз