ТАМАҚ & ҮЙ

Дәмді ақ тұздық қосылған кілегейлі
нәлім езбесі

Өрме картоптың ішіне салынып, үстінен
ақ кілегей тұздық құйыпған кілегейлі нәлім езбесі.

Сауықкеш өткізбексіз бе? Кештің әсерін айын керемет кілегейлі нәлім езбесімен күшейтіңіз. Бұл қонақтарыңызды таң қалдырудың кепілі болмақ.

Құрамы

Өрме үшін:
· 300 г картоп

Тұздық үшін:
· 1 ас қасық су
· 30 г сары май
· тұз
· лимон шырыны

Езбе үшін:
· 200 г картоп
· 200 г нәлім
· 200 г ірі тұз
· 1 ас қасық таза зәйтүн майы
· 1 ас қасық қаймақ
· 1⁄2 сары лимон
· запырангүл талшықтары немесе ұнтағы
· жас баттауық

Дайындау тәсілі

Картоп тілкемдерін салу үшін үккіштің көмегімен ірі картопты ұзындығын шамамен 12 см және ені 1 см етіп жіңішкелеп тілуден бастаңыз. Асты жабыспайтын қағазға картоп тілкемдерін 7 x 7 етіп өру арқылы өрме жасаңыз. Өрмені индукциялық тәсілмен жалпақ бу қайнатқышта пісіріңіз.

1-қадам. Асты жабыспайтын қағазға картоп тілкемдерін өру арқылы өрме жасаңыз. 1-қадам. Асты жабыспайтын қағазға картоп тілкемдерін өру арқылы өрме жасаңыз.

Кілегейлі нәлім езбесі үшін аршылған картоп текшелерін орташа қызған отқа суға пісіріңіз. Піскеннен кейін картоптың суын сорғытыңыз да, картоп езгіштен өткізіңіз. Езбені шараға салыңыз да, жақсы сақталуы үшін бетін жабысқақ үлдірмен жабыңыз.

Нәлім дайын болуы үшін жақсылап тұздаңыз да, тоңазытқышқа 2 сағат суытып қойыңыз. Содан кейін оны таза суға шайыңыз да, баяу жанған отқа 5 минут абайлап қайнатыңыз. Содан кейін нәлімнің суын сорғытып, терісін сыдырыңыз да, картоп езбесінің үстінен ұсақтап тураңыз. Бір ас қасық зәйтүн майы мен қаймақ қосыңыз да, бәрін араластырыңыз. Ең соңында қоспаны тұздаңыз, лимон шырынымен және ұнтақталған запырангүлмен дәмдеңіз.

Содан кейін қоспадан тұздық жасау үшін біраз су ысыта бастаңыз. Жылы суға сары майдың шамалы мөлшерін біртіндеп қоса отырып, еппен араластырыңыз. Бір шөкім тұз салыңыз да, жас лимон шырынын сығып қосыңыз. Бәрі жақсы араласқаннан кейін тұздықты индукциялық пеште жылы күйде қалдыра тұрыңыз.

Енді тағамды ерекше мәнерде дастарқанға тартатын кез келді. Картоп өрмені индукциялық тәсілмен жалпақ бу қайнатқышта жылытыңыз. Бір қасық нәлім езбесін тәрелкеге салыңыз да, жылытылған өрмемен әдемілеп жабыңыз. Ақ тұздықты тағамның үстіне құйыңыз да, зәйтүн майынан сәл ғана шашыңыз. Тағамды безендіруді жас баттауық пен запырангүл талшықтарын себу арқылы аяқтаңыз.

Дастарқан басындағылардың барлығымен бөлісіп, дәмінен рақат алу үшін жақсылап дайындалған осы тағамның тұсаукесерін тамашалаңыз.

Күн сайын дәмді тағамдар дайындаңыз

Әрі қарай осы оқиғаларды оқыңыз