Кәріқыз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Lappula squarrosa
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Incertae sedis
Тұқымдасы: Boraginaceae
Кіші тұқымдасы: Boraginoideae
Тайпасы: Cynoglosseae
Тегі: Lappula
Moench
Үлгілік түрі
Lappula myosotis
түрлері

12-14 түрі белгілі

Кәріқыз[1] (лат. Lappula) – айлауыктар тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер.

  • Қазақстанның сор және тыңайған жерлері мен жол жағаларында өсетін 32 түрі бар, оның 11-і – эндемик. Бұлардың биіктігі 5 – 20 кейде 60 см-дей болады. Сабағы тік, ұшына қарай бұтақталып келеді. Ұзынша жапырақтары мен сабағының сыртын қалың түк жапқан. Гүлдері ұсақ, бес мүшелі, түсі, көбінесе, көкшіл болып келеді.
  • Гүлшоғыры – бұйра, толық жетілгенде жазылып, шашақ гүлшоғырына ұқсайды. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді.
  • Жемісі – 4 жаңғақша, оның сыртын тікенек жауып тұрады, осы тікенектері арқылы мал жүніне жабысып таралады. Бау-бақшаның арамшөбі.
  • Мал жемейді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том