Макраме

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Макраме (фр. Macramé- өрнектеп тоқу) — белгілі ретпен орналасқан әр түрлі түйіндердің көмегімен тоқу. Түйіп тоқу арқылы әр алуан өрнек шығаруға болады. Тоқу үшін әр түрлі жуандықтағы жіптер, баулар,таспалар пайдаланылады. Ұсақ бұйымдарды әбден ширатылған жіңішке жіптерден тоқиды. Тоқу үстінде керамикалық, ағаш және моншақтар мен сақиналарды қолдануға болады. Бір затқа іліп қойып немесе арнаулы тоқу жастығын пайдаланып тоқуға болады. Жұмыс жастығын (размері 50х3х10 ) поролоннан немесе қалың резинадан оңай жасап алуға болады. Мұны матамен қаптайды. Дайын жастықты ағаш тұғырыққа (желімдейді немесе қағып кереді) бекітеді. Тоқуды бастамас бұрын керіліп тұратындай етіп арқау жіпті түйреуішпен жастыққа түйреп қояды. Оған өріс жібін іледі де, бұйымды тоқиды. Кейбір түйіндерді жасауда(мысалы,бұршақ) темірден жасалған шағындау тоқыма ілмек қажет.

Жұмыс барысында 3 жіпті: тоқу ушін жіпті бекітіп қоятын арқау жіпті (мұның орнына тақтайша,шығыршық пайдалануға болады); түйіндерді байлайтын түйін және түйін түйетін өріс жіптерін ажырата білу қажет.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Macrame